Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап ауылдық округтер және ауылдардың ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығына бекітілген жоспарда көзделген жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге кірісуді жоспарлап отыр. Жоспарлы жұмыстар барысында шамамен 7,7 млн. манипуляция жүзеге асырылатын болады.
Ветеринариялық мамандармен аса қауіпті аурулардың мынадай түрлеріне: құтыру, пастереллез, сібір жарасы, етқоректілердің эхинококкозы, құстардың жоғары патогенді тұмауы, ірі қара малдың эмфизематозды карбункулы, ірі қара малдың нодулярлы дерматиті және басқа да инфекцияларға қарсы иммундау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларының басын профилактикалық вакцинациямен және аллергиялық зерттеулермен қамту жоспарлануда.