Қостанай облысы ветеринария саласының 01.06.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 90% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ІҚМ. Ағымдағы жылғы 5 айына 235 229 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 226 852 сынама зерттелді, немесе 96,4%. Жұқтыру 0,42% құрды.
ҰММ. Ағымдағы жылғы 5 айына 223 977 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 180 891 сынама зерттелді, немесе 80,8%, жұқтыру 0,01% құрды.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.
2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:
- туберкулёз ІҚМ 323 020 бас 5 айлық жоспар бойынша 324 320 бас зерттелді, немесе 100%, шошқалар 22 230 бас жоспарымен 22 245 бас зерттелді, немесе 100%;
- сібір жарасы ІҚМ 284 900 бас 5 айлық жоспар бойынша 287 450 бас егуден өтті, немесе 101%, ҰММ 208 430 бас жоспарымен 211 730 бас егуден өтті, немесе 102%, жылқылар 39 360 бас жоспарымен 39 360 бас егуден өтті, немесе 100%;
- пастереллёз ІҚМ 93 350 бас 5 айлық жоспар бойынша 94 750 бас егуден өтті, немесе 101%, ҰММ 68 960 бас жоспарымен 69 460 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 8 430 бас жоспарымен 8 430 бас егуден өтті, немесе 100%.
Цифрландыру
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 13 бас жылқы жабдықталды.
ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 мамырына дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 19 387 ветеринарлық анықтама енгізілді.
Ветеринария басқармасы