«БЕКІТЕМІН»
_______________________________
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ
басшысы – Шектыбаев А.Б.
20___ жылғы «____» __________
№ ____ бұйрық
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бөлім басшысы;
2) бас маман;
3) бас маман;
4) бас маман;
5) бас маман.
2-тарау. Ветеринариялық іс-шараларды талдау, болжау және есепке алу бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері.
1) Облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және жою, оның ішінде Қостанай облысының аумағын басқа өңірлерден жануарлар ауруларының әкелінуінен қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу есебінен;
2)халықтың денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру;
3) Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Жануарлар ауруларын диагностикалаудың, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
5)Ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
6) Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
1) Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, жоғары тұрған орган басшылығының және басқарма басшысының бұйрықтарына (өкімдеріне), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады;
2) басқарма басшылығының қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; ;
3) басқарма бөлімдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды алады.
4) құрылатын комиссиялар мен кеңестердің жұмысына қатысады.
5) облыстық кеңестердің жұмысына қатысады;
6) бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
1) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды тасымалдау, сақтауды ұйымдастыру жөніндегі шарт жасасу үшін техникалық ерекшелік дайындау («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
2) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
3) Уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
5) ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін талдау, аудандар мен қалалар бөлінісінде ақпарат дайындау («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
6) Облыстың аудандары мен қалаларының ветеринариялық дәрігерлерінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіне жүргізілген жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы мәліметтерді енгізу бойынша жұмысын үйлестіру, апта сайынғы негізде енгізілген мәліметтердің саны туралы жиынтық ақпарат қалыптастыру және басшылыққа ұсыну;
7) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
8) жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды сатып алу және тасымалдау үшін техникалық ерекшелікті дайындау («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
9) уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі диагностикалық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
10) ауыл шаруашылығы жануарларының туберкулезі және бруцеллезі бойынша диагностикалық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру, аудандар бөлінісінде ақпарат дайындау («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
11) бөлімнің іс қағаздарын және істер номенклатурасын жүргізу.
12) брошюралар шығару, газетте мақалалар жариялау, Басқарманың ресми интернет - ресурсында және әлеуметтік желілерінде материалдарды жариялау үшін материалдар дайындау;
13) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес);
14) Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерді орындау;
15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну («Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес).
3-тарау. Ветеринариялық іс-шараларды талдау, болжау және есепке алу бөлімінің бөлімінің қызметін ұйымдастыру
10.Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
_______________________________________