««БЕКІТЕМІН»
_______________________________
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ
басшысы – Шектыбаев А.Б.
2021 жылғы «16» тамыздағы
№ 98 бұйрық
Функциялары:
1)Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу;
2) Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша арнайы ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін талдау, ауылдар және а/о бөлінісінде ақпарат дайындау.
Функциялары:
1)Аудандардың, селолық округтердің, ауылшаруашылық құрылымдарының ветеринариялық қызметтерімен бірлесіп инфекциялық, инвазиялық аурулардың ошағын жоюды ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру;
2) Облыс аумағында орналасқан екі немесе одан көп аудандарда жануарлардың жұқпалы аурулары шыққан жағдайда, тиісті аумақтағы бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантиндік немесе шектеу шараларын белгілейді;
3) Облыс аумағында орналасқан екі немесе одан көп аудандарда жануарлардың жұқпалы аурулары шыққан ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларды жүргізгеннен кейін, тиісті аумақтағы бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантинді немесе шектеу шараларын алады;
4) Аумақты аймақтарға бөледі.
Функциялары:
1)Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шараларды орындау.
2) Облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер жобасын дайындау.
Функциялары:
1)Сібір жарасы көмінділерінің ветеринариялық-санитариялық жағдайынң есебін алу, инсенараторлардың жұмысын бақылау.
Функциялары:
1) Әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.
1) Заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет туралы актілерінде, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік - құқықтық актілерінде, жоғарғы органдар мен Басқарма басшысының бұйрықтарымен (өкімдерімен), сондай-ақ осы ережемен бекіттілген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруға қажетті құзыретке ие.
2) Бөлім құзіретіне жататын жұмыстарды жетілдіру мақсатында Басқарма басшысының қарауына ұсыныстар егізеді.
3) Басқарманың басқа бөлімдерімен қарым-қатынасты жолға қояды, қызметтік міндеттерді атқаруға қажетті ақпараттар мен құжаттарды алады.
4) Құрылатын комиссиялар мен кеңестердің жұмысына қатынасады.
5) Облыстық жиналыстарға қатынасады.
6) Бөлімге жұмысына тән емес қосымша міндеттер мен қызметтер жүктелмейді.
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтарды пайдаланады.