Орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

«БЕКІТЕМІН»

_______________________________ 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ

басшысы – Шектыбаев А.Б.

2024 жылғы « 14 »  наурыздағы

№ 35 бұйрық                                          

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ

орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсетужәне мониторингі бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

1.Орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсетужәнемониторингібөлімі (бұдан әрі - Ббөлім) (бұдан әрі - Басқарма) «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, басқарма басшысының бұйрықтарын, басқарма ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады .
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді .
  3. Құрылымдық бөлімі құрамы

1) бөлім басшысы

2) бас маманы

3) бас маманы

4) бас маманы

5) бас маманы

6) бас маманы

  1. Орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің негізгі міндеттері
  2. Міндеттері:

1) мал дәрігерлік-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және облыстағы халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру;

2) ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік қызмет саласындағы актілеріне, Басқарма басшысының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

2) Басқарма басшылығының қарауына бөлім құзыретіне кіретін жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма бөлімдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды алады.

3) Бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

4) Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақытылы орындалуына бөлім басшысы жауапты болады. Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген.

5) Бөлім басшысы мен мамандары өздері ресімдеген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне дербес жауапты болады .

  1. Функциялары:

1) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

3) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;

4) ауру жануарларды санитариялық союды, оның ішінде қолайсыз пункттерде ұйымдастырады;

5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жүргізуді ұйымдастырады;

6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді жүзеге асырады;

7) жануарлардың жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз аймақтан қолайлы аймақтарға көшуіне жол бермеу бойынша бақылауды жүзеге асырады;

8) жануарларды орнын ауыстыру кезінде карантиндеу шарттары мен ұзақтығын келіседі;

9) ауыл шаруашылығы жануардарының жеке нөмерлерге қажеттілігін анықтайды және процессингтік орталыққа ақпарат береді;

10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға, сондай-ақ тапсырыс берушінің сақтау және оларды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді ұсынуына Мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етеді;

11) облыстың коммуналдық меншігінен ведомстволық бағынысты ұйымдардың коммуналдық меншігіне ауыл шаруашылығы жануарларын (құлақ биркаларын, биркачтарды) бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар мен атрибуттарды беруді қамтамасыз етеді;

12) аудандар мен қалалар бөлінісінде құлақ сырғаларының қалдығына ай сайынғы мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпаратты жолдайды;

13) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін оларды жеткізу процесінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды іріктеп іріктеуді жүзеге асырады;

14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастырады;

15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;

16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

17) энзоотияны қоса алғанда, тұрақты негізде жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар және жүргізілген диагностикалық зерттеулер (серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық) туралы мәліметтерді АШЖБ базасына енгізу мониторингін жүзеге асырады;

18) ҚР АШМ БАБЖ ақпараттық жүйесінде берілген ветеринариялық анықтамаларға мониторинг жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, берілген ветеринариялық анықтамалар бойынша ақпаратты қағаз және электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады;

19) ветеринариялық станциялардың және ветеринариялық пункттердің ветеринариялық анықтамалар беруге құқығы бар ветеринариялық дәрігерлерінің, сондай-ақ АЖБ базасын жүргізуді жүзеге асыратын ветеринариялық мамандардың пароль мен логин алуын қамтамасыз етеді;

20) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;

21) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

22) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есепті жүргізуді және тиісті мемлекеттік органға ұсынуды жүзеге асырады;

23) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына мониторинг және бақылау іс- шараларын жүргізеді;

24) тиісті мемлекеттік органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша есеп береді;

25) аудандар мен қалалардың «Ветеринариялық станциялары» КМК ветеринариялық мамандары үшін мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырады;

26) мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша ақпарат жинау және ұсыну.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлім Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерге, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге иеленеді.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  4. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы басқарма басшылығына бөлімнің штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсатта басшы Басқарма құрамына кіретін мамандардың міндеттерін анықтайды.
Орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
14 октября 2022