Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

«БЕКІТЕМІН»

__________________________

«Қостанай облысы  әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы – Шектыбаев А.Б.

2021 жылғы«___» __________

№ ______бұйрық

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ

құқықтық қамтамасыз ету бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларын, Қостанай облысы әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Басқарма ережесін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
  5. Құрылымдық бөлімше құрамы:

1) бөлім басшысы;

2) бас маман;

3) бас маман.

 

  1. Бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

1) Басқармада құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) ҚР Заңдарын, ҚР Президенті Жарлықтарын, ҚР Үкіметі қаулыларын, облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

  1. Құқығы және міндеттері:

1) Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпараттарды,  құжаттарды және  өзге де материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

2) Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін басшылықтан және бөлімдерден қажетті ақпаратты сұратуға;

3) Белгіленген талаптарды бұзылы дайындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орындаушыларға жөндеуге қайтаруға;

4) Басқарма жұмысының мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға бөлімдерден мамандар тартуға құқығы бар;

5) Осы ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы мен уақытылы орындалуына бөлім басшысы жауапты болады;

6) Бөлім қызметкерлері жауапкершілігінің деңгейі лауазымдық нұсқаулықта белгіленген;

7) Бөлім басшысы мен мамандары олармен рәсімделген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келуіне дербес жауапты болады.

  1. Функциялары:

1) Кіріс құжаттарының, Басқарма басшысы мен жоғары тұрған органдар тапсырмаларын орындау мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз етеді;

2) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жүргізілетін жұмысты, сондай-ақ өтініштердің орындалуын талдауды және бақылауды ұйымдастырады;

3) Әзірлеуші басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз етеді;

4) Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, келісім-шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да жобалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

5) Басқарма қызметінде заңдылықты сақтауды және оның құқықтық мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді;

6) Облыс әкімі және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері жобаларын дайындауды және құқықтық сараптамасын жасауды жүзеге асырады;

7) Басқармада құқықтық жұмысты ұйымдастырады;

8) Ветеринария саласында қолданыстағы заңнаманы түсіндіреді;

9) Басқарма әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді;

10) Басқарманың норма түзушілік қызметіне талдау жасайды.

               

3.Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы басқарма басшылығына Бөлімнің штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта басшы Бөлімнің құрамына кіретін мамандардың міндеттерін анықтайды.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
14 октября 2022