«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің акімшілік бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

«БЕКІТЕМІН»

_______________________________ 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ

басшысы – Шектыбаев А.Б.

2024  жылғы « 14 »  наурыздағы

№ 35 бұйрық                                          

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің

акімшілік  бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. Әкімшілік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады.
  3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, басқарма ережесін, басқарма басшысының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлімнің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
  5. Бөлім құрамы 5 бірліктен тұрады:

         1) бөлім басшысы;

         2) бас маман;

         3) бас маман;

         4) бас маман;

         5) бас маман.

  1. Әкімшілік бөлімнің міндеттері, құқықтары мен міндеттері
  2. Тапсырма:

1) ұйымдастырушылық-бақылау қамтамасыз ету;

2) құжаттамалық қамтамасыз ету;

3) ақпараттық қамтамасыз ету;

4) кадрлық қамтамасыз ету:

5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

осы Ережеде көзделген негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін бөлімнің құқығы бар:

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және белгіленген тәртіппен алу;

бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін басшылықтан және бөлімдерден қажетті құжаттарды сұрату;

бөлім басшылары мен мамандарынан  құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын, кіріс және шығыс хат-хабарларды,орындаушыларға белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған жауаптарды қайта жасауға қайтарып, орындауды талап ету;

         Бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

         Міндеттері:

         1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының, персоналды басқару ( кадр жұмысы) мәселелері жөніндегі басшының бұйрықтары мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуге;

         2) еңбек және орындаушылық тәртіпті күшейту, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға;

         3) басқарманың жеке құрамының есебін жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына және басшының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды ресімдеуге;

         4) біліктілік талаптарын әзірлеу;

         5) қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауға;

6) еңбек кітапшаларын есепке алуды жүргізу; жұмыс уақытын есепке алу табелі, еңбек шарттарын ресімдеуге;

         7) қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізуге, кезекті демалыс кестелерінің жасалуына және сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

         8) кадрлардың ауысу себептерін зерттеуге, оны төмендету жөніндегі іс-шаралардың әзірлеуіне қатысуға;

         9) мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды, оқытуды, қайта даярлауды (қайта біліктілігін арттыруды) және біліктілігін арттыруды, тәлімгерлікті, тағылымдаманы жүргізуге;

         10) бөлімнің функциясына сәйкес кадр жұмысы және басқа да мәселелер бойынша бұйрықтарды ресімдеуге, оларды орындаушыларға жеткізуге, мүдделі тұлғалардың бұйрықтарымен уақтылы таныстыруға;

         11) мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын ұйымдастыруға;

         12) жұмыс істейтін және брондалған әскери міндеттілер санының есебін жүргізуге;

         13) «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде басқарманың барлық қызметкерлерінің жұмысын қамтамасыз етуге;

         14) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар басшысын тағайындауға және аттестаттаудан өткізуге конкурстар өткізуге;

         15) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті;

         16) облыстық әкімдікте бақылауда тұрған құжаттардың уақтылы алынуын, «бақылау тапсырмалары бойынша еске салу» бағдарламасында құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге;

         17) істер номенклатурасын әзірлеуге, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды, жеке істер материалдарын дайындау және мұрағатқа тапсыру, мұрағатқа сақтауға берілетін істер тізімдемесін жасауға;

         18) бөлім қызметінің мәселелері бойынша есептерді салыстырып, тексеру жасап және ұсынға;

         19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген баспа-бланкілік өнімді пайдалану, сақтау және жою есебін жүргізуге;

         20) тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;

         22) басқарманың интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде ақпаратты өзектендіруге;

         23) ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарды басқару ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

         24) «Ашық деректер», «Ашық бюджет», «Ашық нормативтік құқықтық актілер», «Ашық диалог», ресми интернет-ресурсты толтыру, БАҚ арқылы ашықтық бағыты бойынша тиімділікті операциялық бағалау іс-шараларын жүзеге асыруға міндетті.

  1. 7. Функциялар:

         1) персоналды басқару Стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

         2) Басқарма қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарлауын әзірлеу және үйлестіру;

         3) облыстық кеңестерді, брифингтерді дайындау және өткізу;

         4) Басқарманың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  2. 8. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  3. 9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  4. 10. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. 11. Бөлім басшысы Басқарма басшылығына бөлімнің штат санының ұсыныстарын ұсынады.
  6. 12. Осы мақсатта басшы бөлім құрамына кіретін мамандардың міндеттерін айқындайды.

 

Акімшілік бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
07 июня 2020