«БЕКІТЕМІН»
__________________________
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы – Шектібаев А.Б.
2021 жылғы«___» __________
№ ______бұйрық
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің
қаржы -экономикалық бөлімі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
1.Қаржы - экономикалық бөлімі «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағыҚазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларын, Қостанай облысы әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Басқарманың ережесін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы жәнелауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптеБасқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Құрылымдық бөлімше құрамы:
1) бөлім басшысы;
2) бас маман;
3) бас маман;
4) бас маман;
5) бас маман.
- Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
- Мақсат:
- Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуына уақтылы бақылауды жүзеге асыру.
- облыс аумағында бекітілген қаржыландыру жоспарына және ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес бюджет қаражатының уақтылы және нысаналы жұмсалуын, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың сақталуын, олардың қозғалысымен байланысты операцияларды есепке алуда уақтылы көрсетілуін бақылау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы туралы Мемлекеттік органдарға дұрыс және қажетті ақпараттың уақтылы берілуін бақылау
- Құқықтары мен өкілеттері:
- құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
- қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысулардың жай-күйін, мемлекеттік сатып алудың, іс жүргізудің дұрыс жүргізілуін бақылау.
- ҚР заңнамасына, сондай-ақ ҚР Президентінің, облыс әкімдігінің, қаржы-экономикалық бөлім басқармасының актілеріне сәйкес жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
7.Міндеттері:
- белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарлары мен ветеринариялық іс-шаралар бойынша ашық лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтарды мемлекеттік сатып алуды және олардың сақталуын бақылау;
- мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік мекеменің басқа да қызметкерлеріне жалақыны, салықтарды және басқа да аударымдарды, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша парақтардың ақысын, басқа да төлемдерді уақтылы есептеу және мерзімінде аудару;
- кассалық операцияларды уақтылы есепке алу және жүргізу;
- ведомстволық бағынысты ұйымдармен, басқа да ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын есептерді уақтылы жүргізу;
- ақша қаражатына, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды есепте көрсету;
- материалдық-жауапты тұлғаларға олардың жауапты сақтауындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу;
- есепке алу-есептеу жұмыстарын автоматтандыру;
- статистикалық, салықтық, қаржылық және басқа да есептілікті жасау және белгіленген мерзімдерде ұсыну болып табылады;
- басқармадан және ведомстволық бағынысты ұйымдардан уәкілетті органдарға есептерді және әртүрлі ақпаратты уақтылы ұсынуды бақылау;
- қаржыландыру жоспарларын және оларға өзгерістерді жасау және басқарма басшысымен келісу;
- активтердің, арзан бағалы және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың олар сақталатын және пайдаланылатын жерлерде сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- энзоотиялық аурулардың профилактикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарының жобасына, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрықтың жобасына, жануарларды сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу. Бейінді бағыттар бойынша техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды дайындау және әзірлеу - ветеринария саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу: құралдар мен аспаптар, ветеринариялық препараттар (вакцина), ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пункттеріне дейін тасымалдау бойынша қызметтер, бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету бойынша, сондай - ақ ветеринария саласындағы белгіленген заңнамаға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдар (бұдан әрі-ветеринариялық станциялар) көрсететін қызметтер бойынша қызметтер. Басқарманың мемлекеттік сатып алуларын уақытылы және сапалы жасау,ұсыну;
- есеп және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бөлімнің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелендірілген есепке алу;
- құжаттарды, есепке алу деректерін машиналық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру.
8.Функциялары:
1) осы Ережеде көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағынысты ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу.
3) өз құзыреті шеңберінде ведомстволық бағынысты және сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.
4) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Бөлімді ұйымдастыру
- Бөлім заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.
- Бөлім бастығы бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
- Бөлім басшысы Кеңсе басшылығына бөлімнің штат кестесі туралы ұсыныстар енгізеді.
- Осы мақсаттар үшін бөлім басшысы бөлім ішіндегі мамандардың міндеттерін анықтайды.