«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі жұмымы туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

 

1) «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) – ветеринария саласында заңнамада белгіленген шегінде басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары – ауылдар мен ауылдық округтерде ветеринариялық пункттері бар аудандар мен қалалардың 20 «Ветеринариялық станциясы» КМК бар .

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпарат:

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленген мемлекеттік қызметтер түрлерінің жалпы саны-3:

Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

Ведомстволық бағынысты ұйымдармен мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру».

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді Ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі           № 88-V Заңына, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы                     № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларымен және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес көрсетеді.

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы негізде «Электрондық үкімет порталы» (бұдан әрі - ЭҮП) және Е-лицензиялау порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.

Ветеринариялық анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің веб-порталы (БАБЖ) арқылы көрсетіледі.

Ветеринариялық паспортты беру қағаз нысанда жүзеге асырылады, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы мәліметтер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына (АЖБ ДБ) енгізіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі – 0;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің саны – 2;

ақылы негізде көрсетілетін мемлекттік қызмет түрінің саны – 1;

электронды түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің саны – 1;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны –3;

3) Неғұрлым көп қажет етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санына сәйкес «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі анағұрлым сұранысқа ие болып табылады - 40925 қызметтің 34200 – і (83%) (6 қызмет – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, 6719 қызмет-ветеринариялық паспорт беру).

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі жөніндегі ақпараттың дереккөздері және алуға болатын орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, оның ішінде электрондық форматта Ветеринария басқармасының ведомстволық Интернет-ресурсында, Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ғимараттарының холлында ақпараттық стендтерде, ЭҮП-да орналастырылады, ол өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып отырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша: Ветеринария басқармасымен ведомстволық Интернет-ресурстағы ақпараттық мәліметтер жаңартылды, сайтта орналастырылған 2015,2016,2017, 2018, 2019, 2020, 2021 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есеп берулер әзірленді. www.egov.kz веб-порталында әзірлеуші органға қатысты ақпарат, ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, көрсетілетін қызметті алушылар, көрсетілетін қызметті ұсыну орны, құны, қызмет көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметтің толық атауы, онлайн қызметті қалай алуға болатыны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімі орналасқан.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілікпен талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың өкілетіне жатқызылған.

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттасулар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, қызмет алушылардың оларды көрсету тәртібі туралы хабардарлығын арттыру бойынша 2022 жылы Басқарма ведомстволық бағынысты ұйымдармен және облыстық және аудандық деңгейдегі басқа да ветеринариялық қызметтермен, БАҚ-пен және облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, 15071 адамды қамтитын 118 іс-шара өткізді. Оның ішінде 45 кеңес, газетте 8 мақала, ресми интернет-ресурстарда 8 жарияланым, 3 брошюра әзірленді, әлеуметтік желілерде 54 жарияланым жарияланды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету» бағыты бойынша жұмыс тиімділігін жақсарту мақсатында, Басқармада бірқатар ұйымдастыру-әдістемелік, сондай-ақ ақпараттық сипаттағы іс-шаралар жүргізілді.

Басқарма қызметкерлерімен өңірлерге шығып, Жангелдин, Денисов, Сарыкөл, Ұзынкөл, Қамысты, Науырзым, Б.Майлин аудандары мен Рудный қаласының Ветеринариялық станциялары КМК мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді, олардың барысында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық «Ветстанция» КМК басшылығымен және ветеринариялық мамандарымен кездесулер өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі процесстерін жетілдіру жөніндегі жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. ЕЛ МДҚ АЖ-да қызметтерді тіркеуді ветеринария басқармасы жүзеге асырады. Ақпараттық жүйелер жұмысындағы бар проблемаларды жою, оларды интеграциялау бойынша тұрақты негізде «ҰАТ» АҚ облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

Алайда, порталдарды интеграциялаудың болмауының бар проблемалары www.egov.kz және www.elicense.kz БАБЖ және АЖБ ақпараттық жүйелерімен бүгінгі күнге дейін алып тасталған жоқ. Порталдарды біріктіру бойынша ұсыныстар www.egov.kz және www.elicense.kz БАБЖ және АЖБ ақпараттық жүйелерімен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы» ММ-ге жолданды.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 5 маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас» тақырыптары бойынша оқыту семинарларының онлайн-курсынан өтті.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету мақсатында, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, БАҚ және халықпен бірлескен іс-қимылды және кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-ВАКР) шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ, сондай-ақ қалалар мен аудандардың Ветеринариялық станцияларындағы КМК қызметінде 21 ВАКР өткізілді, оның қорытындысы бойынша талдамалық анықтамалар жасалды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шараларды өткізу нәтижесі көрсетілген қызметтер санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Осылайша, 2022 жылы Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетті, ЭҮП арқылы 100%.

Ведомстволық бағынысты ұйымдармен ветеринариялық паспорт беру бойынша 6719 және ветеринариялық анықтама беру бойынша 34200 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзушылықтар, көрсетілетін қызметті берушінің немесе лауазымды тұлғалардың қызметіне шағымдар, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тартулар мен ауытқулар тіркелген жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 131 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтаудың 2022 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 2022 жылдың басынан бастап Ветеринария басқармасы ведомстволық бағынысты 8 ұйымда бақылау іс-шараларын өткізді.

Жүргізілген бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзудың 49 фактісі анықталды, оның ішінде дәрежесі бойынша өрескел бұзушылықтардың 49 фактісі анықталды.

Тексерілетін субъектілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша тәуекел дәрежесінің критерийлеріне сәйкес «Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтауы» критерийі бойынша бұзушылықтардың ең көп саны жіберілді және 49-дан 44 фактіні немесе 89% - ды құрайды.

Бұзушылықтардың өрескел дәрежесінде қызмет берушінің жұмыс кестесін сақтамағаны үшін бұзушылықтар анықталды (5 факт);

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге қатысты шаралар қабылдау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ветеринариялық пункттері бар ветеринариялық станциялардың 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ескерту түрінде-2, сөгіс – 1, қатаң сөгіс-1.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін оңайлату мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер базасын интеграциялау арқылы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда. Одан әрі жұмыс әкімшілік кедергілерді жоюға, халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 

Ветеринария басқармасының

басшысы                                                  А. Шектыбаев

 

 

Орынд. Г. Гажа

тел. 8(7142) 390-695

 

Дата публикации
11 января 2023