Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді  облыстың әрбір ауылдық округінде орналасқан ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлері жүзеге асырады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар: жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы хабарлауға міндетті.

Дата публикации
04 января 2023