Қостанай облысы ветеринария саласының 01.04.2020 жылға текті әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне ветеринарлық препараттардың жылғы көлемінен жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина 70% көлемінде келіп түсті. Барлық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға аталған көлемде жеткізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ІҚМ. Ағымдағы жылғы ақпан айына 79 315 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 81 917 сынама зерттелді, немесе 103,2%. Жұқтыру 0,34% құрды.
ҰММ. Ағымдағы жылғы ақпан айына 59 281 сынама диагностикалық зерттеулердің жоспарымен 40 944 сынама зерттелді, немесе 69,0%, жұқтыру 0,01% құрды.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың 2020 жылға арналған жоспары бекітілді.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:
- туберкулёз ІҚМ 74 480 бас 3 айлық жоспар бойынша 90 736 бас зерттелді, немесе 122%, шошқалар 725 бас жоспарымен 1 490 бас зерттелді, немесе 206%;
- сібір жарасы ІҚМ 63 850 бас 3 айлық жоспар бойынша 57 385 бас егуден өтті, немесе 90%, ҰММ 45 030 бас жоспарымен 45 620 бас егуден өтті, немесе 101%, жылқылар 3 500 бас жоспарымен 4 050 бас егуден өтті, немесе 116%, шошқалар 7 080 бас жоспарымен 10 770 бас егуден өтті, немесе 152%;
- пастереллёз ІҚМ 20 050 бас 3 айлық жоспар бойынша 15 920 бас егуден өтті, немесе 79%, ҰММ 1 000 бас жоспарымен 2 750 бас егуден өтті, немесе 275%, шошқалар 4 050 бас жоспарымен 6 740 бас егуден өтті, немесе 166%.
Цифрландыру
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Жылқыларды GPS-навигация жүйесімен жабдықтау» жобасы жосарланды, оның шеңберінде жылқылардың 30 басты қамту белгіленді. Бүгінгі таңда 9 бас жылқы жабдықталды.
ББАЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
ББАЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан 1 сәуіріне дейінгі кезеңде ББАЖ жүйесіне 12 347 ветеринарлық анықтама енгізілді.
Ветеринария басқармасы