КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ
басшысы
___________С. Қалиев
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Қарабалық ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалы анықтама
Қостанай қ. 22 мамыр 2020 жыл
"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" ММ (бұдан әрі - Басқарма) басшысының 2020 жылғы 19 мамырдағы "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" № 48 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 20-22 мамыр аралығында Қостанай облысы әкімдігі әкімдігінің ветеринария басқармасының "Қарабалық ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін мына құрамдағы жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді:
- құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Х. Аманқұлов
- қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы Қ. И. Мақажанов
- ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Т. С.Танибаев.
Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қарабалық ауданының аумағында ветеринарлық іс-шараларды өткізу болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін кәсіпорын
келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
Басқарма басшысының 2020 жылғы 18 наурыздағы №11 бұйрығына сәйкес кәсіпорын басшысы Д. С. Жұмабаев болып табылады.
"Кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау".
Кәсіпорын өз қызметінде, ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Ветеринария туралы" Заңын, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, ҚР "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы сияқты нормативтік құқықтық актілерін, Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген кәсіпорын Жарғысын және кәсіпорынның қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) басшылыққа алады.
"Кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау" бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Кадрлардың ауысуын талдау.
Кәсіпорында 42 адам, оның ішінде 37 ветеринарлық қызметкер, 5 – қосалқы және техникалық персонал жұмыс істейді.
2020 жылы 13 адам жұмысқа қабылданып, 15 адам жұмыстан босатылған. Жұмыстан шығу себептері: өз еріктері бойынша. Жұмыстан шығудың негізгі бөлігі (10 адам) бұрынғы Кәсіпорын басшысының жұмыс кезеңіне тиесілі. Бос орындар саны 6 бірлік. ҚЖұмыстан босатуларға байланысты, қалыптасқан бос жұмыс орындарына қарамастан, Кәсіпорын бос жұмыс орындары туралы жұмыспен қамту орталығына есеп бермеген. Осылайша, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 482 ҚР Заңының 28-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталмаған, сәйкесінше жұмыс беруші бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек жағдайлары мен еңбек ақы төлемі көрсетілген мәліметтерді жіберуге міндетті.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
2020 жылғы 01 қаңтардан 20 мамырына дейін кәсіпорын қарауына 5 өтініш түскен, оның ішінде заңды тұлғалардан 1 өтініш, жеке тұлғалар 4 өтініш келіп түскен.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Бұл ретте, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Заңының 16-бабы бұзылған, яғни Кәсіпорынға келіп түскен өтініштердің жеке есебі жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығына сәйкес, ветеринария саласындағы кәсіпорын екі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Сонымен, 2020 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша кәсіпорынмен 1129 "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызметі көрсетілген, бұл ретте ББАЖ деректер базасын "Электрондық үкімет"порталымен ықпалдастырудың жетілдірілмеуі және болмауы фактісі орын алды. Бұл азаматтарға аталған қызметтерді электрондық түрінде алуға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайлар көрсетілетін қызметті алушыға қызметті ұсынушымен тікелей байланысуға әкеп соғады, бұның салдары өз кезегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайды.
Мұның сыртында, ветеринариялық анықтама бланкілерін қатаң есепке алудың болмауы кез келген бланкіге баспаханада тапсырыс беруге мүмкіндік береді және олардың бұрмалануына әкелуі мүмкін, алайда заңнамада берілген анықтамалардың есебін жүргізуге, яғни олардың ақпараттық жүйелер арқылы заңдылығын қадағалауға міндеттейтін нормалар қарастырылмаған.
Мемлекеттік сатып алулар
Басқармада мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі және өнім берушімен қандай да бір байланыс жасауға жол бермейді. Келісім-шарттарды жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағасын айқындауға мүмкіндік береді.
Электрондық шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ағымдағы жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша кәсіпорын жалпы сомасы 8093335 (сегіз миллион тоқсан үш мың үш жүз отыз бес) теңге 84 тиынға мемлекеттік сатып алу бойынша 47 (қырық жеті) келісім-шарт жасалды, оның ішінде 2305427,84 (екі миллион үш жүз бес мың төрт жүз жиырма жеті) теңге 84 тиын сомаға бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы; 2761920 (екі миллион жеті жүз алпыс бірмың тоғыз жүз жиырма) теңге сомаға өтпей қалған мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 3025988 (үш миллион жиырма бес мың тоғыз жүз сексен сегіз) теңге баға ұсыныстарын сұрату арқылы жасалды.
Бұл ретте, 2020 жылға келісім-шартқа жасалған талдау өнім беруші тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін міндетті түрде бекітпестен не жүкқұжатта тапсырыс берушінің қолының болмауын растайтын тауарды қабылдау-беру актісін веб-портал арқылы келісу фактілері Кәсіпорын тарапынан бар екенін көрсетті (Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 426-тармағы).
Сонымен қатар, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 43-бабының 22-тармағын бұзу орын алған, мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі көзделген, ол 15 күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Осы мерзім келісім-шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімі болып табылады.
Сондай-ақ, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 4-бабының 1-тармақшасын бұзуда Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында, Кәсіпорында өнім берушілермен тікелей шартқа отыру жолымен бір көзден келісім-шарт жасасуды негіздейтін құжаттардың толық топтамасы (баға ұсыныстары) жоқ.
Осылайша, көрсетілген фактілер кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай жасауға, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде нақты өнім берушіге артықшылық көрсетуге ықпал етеді.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Кәсіпорын қызметінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша жұмыс тобы келесідей ұсыныстар шығарды:
-жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жеке есебін жүргізу ұйымдастырылсын.
-Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде өнім беруші жүкқұжаттың электрондық көшірмесін міндетті түрде бекітпестен, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-беру актісін бекіту фактілеріне не тауарды жеткізу фактісін растайтын Тапсырыс берушінің жүкқұжатында қолының болмауына, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу мерзімдері бойынша міндетті талаптарды сақтамау фактілеріне жол берілмесін;
- кадрлық іс жүргізу кезінде кадрлық іс жүргізу талаптарын мүлтіксіз сақталсын;
- кейіннен сыйақы беру мақсатында қызметкерлерге тәртіптік жазаларын мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмесін.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы,
жұмыс тобының төрағасы ______________А. Аманкулов
Жұмыс тобының мүшелерімен келісілген:
Қаржы-экономикалық бөлімінің
бас маманы ____________К. Макажанов
Ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз
ету бөлімінің бас маманы _______________Т. Танибаев