Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi жаднама

 

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне
қарсы iс-қимыл жөнiндегi
жаднама

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың алғашқы белгiлерi пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша департаментiне телефон шалыңыз.
  2. Сыбайлас жемқорлық ол мемлекеттiң экономикасына зиян келтiретiн қылмыс.
  3. Барлық азаматтар мен заңды тұлғалар, органдар, мекемелер мен кәсiпорындар сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

366-бап. Пара алу

  1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушiлiгi үшiн өзiне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жетпiс еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса iрi мөлшерде жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртiппен қудаланады.

 

367-бап. Пара беру

  1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамға не оған теңестiрiлген адамға немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзiне немесе делдал арқылы пара беру — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол iс-әрекет — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) iрi мөлшерде;

3) бiрнеше рет жасалса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, — мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

  1. Осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сомасы немесе құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықты бiрiншi рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
  2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстiң 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

368-бап. Парақорлыққа делдал болу

  1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келiсiмге қол жеткiзуге немесе оны iске асыруға ықпал ету — мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  2. Бiрнеше рет жасалған не қылмыстық топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол iс-әрекет -

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмiр бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлықты бiрге жеңемiз және болашақты бiрге жасаймыз!

 

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi жаднама
Дата публикации
03 июня 2020