Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2022 жылға арналған Жоспарына сәйкес, осы жылдың 11 айының ішінде ірі қара малдың бруцеллезіне 437 727 басы зерттелді, бұл Жоспардың 100 % құрайды. Жұмыс барысында оң нәтиже берген 894 бас анықталды, аурудың таралуы 0,20%.
Сонымен қатар, ұсақ малдың бруцеллезіне диагностикалық зерттеулер бойынша жұмыс жүргізілді. 2022 жылдың 11 айының ішінде 410 767 бас зерттеуден өтті, бұл жоспардың 100 % құрайды. Оң нәтиже берген 98 бас анықталды, аурудың таралуы 0,02% .