БЕКІТЕМІН
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
______________Ғ. Т. Нұрмұхамбетов
2019 жылғы «___»________________
Қостанай облысының аумағында 2019 жылға ветеринариялық-санитариялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР
Мақсаты: Қостанай облысында 2018 жылы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), аудандық және қалалық әкімдіктерінің интернет-ресурстарында, ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен болатын ауыл жиындарында ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізутұрақты негізде жүзеге асырылсын, методикалық көмекші құралдар, анықтамалық материалдарәзірленсін.
2. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен келіп түсетін ветеринариялық препараттарды ветеринариялық-санитариялық талаптардың шарттарына сәйкес сақтау және пайдалану қамтамасыз етілсін. Аудандық және қалалық ветеринария бөлімдері ауыл, ауылдық округ әкімінің, ветеринарлық инспекция, өрт сөндіру қызметі өкілдерінің, ЖПҚ учаскелік инспекторының қатысуымен ветеринарлық препараттарды сақтауға арналған үй-жайдың талаптарға сәйкестігі туралы комиссиялық актініҚостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына ұсынсын.
3. Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың сапалы орындалуына талдау ұсына отырып, тұрақты негізде мониторинг жүргізілсін. Жаппай ветеринарлық емдеу жүргізу кезінде ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Ветеринария басқармасымен және аудандық және қалалық әкімдіктердің ветеринария бөлімдерімен кері байланыс орнатсын.
4. Ауыл шаруашылығы жануарларын туберкулиндеуді (аллерген енгізу және реакциясын оқу), аса қауіпті ауруларға қарсы иммундау, энзоотияға қарсы препараттарды қолдану аудандардың және қалалардың ветеринария бөлімдері мамандарының бақылауымен жүзеге асырылсын.
5. Ветеринарлық-санитарлық қолайлылыққа қол жеткізуге жұмылдырылған ветеринарлық-алдын алу іс-шараларының мониторингі, жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің орны ауысуын қадағалау үшін«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» қорын ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының нақты есебімен жүргізуді қамтамасыз етілсін.
6. Бруцеллезбен адамдар ауырған жағдайларда және оң нәтиже көрсеткен жануарлар саны көбейген елді мекендерде пункттің (мал басының) мәртебесін уақытылы анықтауға зертханалық зерттеулер жүргізу (бактерологиялық немесе молекулярлы-генитикалық әдіспен) үшін биологиялық материалдар сынамаларын алу қамтамасыз етілсін. Олар пайда болған жағдайда эпизоотиялық ошақтарғасапалы зерттеу қамтамасыз етілсін және мүдделі органдармен бірге қолайсыз пункттерді сауықтыру бойынша жұмысты 26 жұмыс күні ішінде бастасын.
7. Ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық аурулары (гиподерматоз, псороптоз, жылқы сақауы, параскаридоз, аскаридоз) анықталған кезде биологиялық және патологиялық материалдардың сынамалары РВЗ ҚОФ-на уақытылы тапсырылсын, осы аурулар бойынша эпизоотиялық зерттеу актілері, патологоантомиялық сою актілеріуақытылы берілсін.
8. Жануарларды жайлауға шығарғаннан кейін және қолда бағымға қояр алдында мал қораларғамеханикалық тазалау және ағымдағы дезинфекциялау жасау жүйелендірілсін.
9. ҚР АШМ ББАЖ электрондық жүйесі арқылы жануарларды, малдан шығатын өнімдер мен шикізатты тұрақты қадағалау негізінде өңірде тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.
10. Жануарларды, малдан шығатын өнімдер мен шикізатты жануарларды, жануарларға азық пен дәрілік құралдарды өсіру және өткізу кезінде ветеринария саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау күшейтілсін.
11. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария қызметінің жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2018 жылғы Қазақстан Республикасында «PVS» бағалау қорытындысы бойыншаХЭБ сарапшыларының ұсыныстарын іске асыру.
Мақсатты индикаторларға жету:
- эпизоотиялық шеңберді бұзуды қамтамасыз ету, 2019 жылы ірі қара мал бруцеллезі жұғу көрсеткішін 0,4% дейін азайту;
- кейіннен «АЖБ» қорына мәліметтерін енгізе отырып, жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды және диагностикалық зерттеулерді сапалы жүргізудіқамтамасыз ету.
- толық қамту мақсатында ауылшаруашылығы жануарларын жаппай есепке алуды қамтамасыз ету.
- ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жауаптылар:
Ветеринария басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдіктері.
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы,
облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Б. Қайыпбай
Ескертпе:
Стратегиялық міндеттер Ұлт жоспары-100 нақты қадамның 92-тармағына,«Ветеринария туралы ҚР Заңына, 2019 жылғабекітілген эпизоотияға қарсы және энзоотиялық іс-шаралар жоспарына; 01.12.2018 жылға текті облыс аумағындағы эпизоотиялық талдау нәтижелеріне;аудандардың және қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ұсыныстарына негізделген.
Шектібаев А.Б.___Бекет Б.Ғ.__Төлепов Е.И.__Шамшадин Т.Қ. ___ Көшебенова А.А._________