22.11.2022 жылға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарын орындау

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы»                             ММ міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары жылына 2 901 900,4 мың теңгені құрайды. 22 қарашадағы жағдай бойынша жыл басынан бері қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 630 177,8 мың теңге (орындалу пайызы 90,6%), оның ішінде:

001 «Ветеринария саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша: 322 507,5 мың теңге игерілді (орындау пайызы 83,7%)

003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 106,8 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100%)

008 «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 89 694,7 мың теңге игерілді (орындау пайызы 88,4 %)

009 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру»  бағдарламасы бойынша 17 364,6 мың теңге игерілді (орындау пайызы 60,7 %)

010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 32 769,5 мың теңге игерілді (орындау пайызы 83 %)

011 «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 302,2 мың теңге игерілді (орындау пайызы 67,4 %)

012 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 173 874,6 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 96,6%)

013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 96 282,2 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 94%)

014 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 1 179 362,6 мың теңге игерілді (орындау пайызы 98 %)

028 «Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пункттеріне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 9 390,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100 %)

030 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 60 410,5 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100%) жоспар орындалды.

032 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» бағдарламасы бойынша 1 678,9 мың теңгеге шарт жасалды (орындалу пайызы 0%).

033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» бағдарламасы бойынша 535,4 мың теңге шарт жасалды (орындалу пайызы 0%).

034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» бағдарламасы бойынша 2 000,0 мың теңгеге (орындау пайызы 0%) баға ұсыныстарын сұрату бойынша конкурс жарияланды. Конкурстық рәсімдер өткізіледі.

067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 8 980,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100%).

 

Дата публикации
22 декабря 2022