Диагностикалық зерттеулер

Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2022 жылға арналған Жоспарына сәйкес, осы жылдың 10 айының ішінде ірі қара малдың бруцеллезіне 409 331 басы зерттелді, бұл жоспардың 101,7 % құрайды. Жұмыс барысында оң нәтиже берген 821 бас анықталды, аурудың таралуы 0,20%.

Сонымен қатар, ұсақ малдың бруцеллезіне диагностикалық зерттеулер бойынша жұмыс жүргізілді. 2022 жылдың 10 айының ішінде 410 767 бас зерттеуден өтті, бұл жоспардың 105,6 % құрайды. Оң нәтиже берген 70 бас анықталды, аурудың таралуы 0,02% .

Жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында жануарлардың арасында бруцеллез ауруының таралуының жыл сайынғы төмендеу тенденциясы байқалатынын атап өту қажет.

Дата публикации
07 ноября 2022