2022 жылғы 27 қазанда ветеринария басқармасының қызметкерлері пилоттық режимде үй жануарларын есепке алу жөніндегі дерекқорды жүргізу үшін әзірленген ақпараттық жүйе функционалының тиімділігіне қатысты «Надежда плюс kst» ҚБ қоғамдық ұйымы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін ұйымдастырды және өткізді. Іс-шара барысында ұсынылған жоба зерделеніп, ақпараттық жүйені жетілдіру жөнінде бірлесіп шешім қабылданды.