Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10410 тіркелді.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
____________ Ә. Исекешев
10 ақпан 2015 жылы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________ Е. Досаев
27 қаңтар 2015 жылы
|
|
Қазақстан Республикасы |
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.12.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Е-аgriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – сараптама актілері (сынақ хаттамалары) туралы мәліметтердің орталықтандырылған есепке алынуын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, азық және азықтық қоспаларға ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
4) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар жұмыскерi;
5) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) − жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар ауруларын қоздырушылардың штамдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, азық және азықтық қоспалар, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
7) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі
1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі – мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) ветеринария саласындағы мамандары ұсынған ветеринариялық ілеспе құжаттары бар сынамаларды қабылдауды;
2) жеткізілген сынамаларды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидалары (бұдан әрі − Сынамаларды іріктеу қағидалары) талаптарының сәйкестігіне талдауды және қарап тексеруді;
3) ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық зертханаларға келіп түскен материалдарды тiркеу журналына (бұдан әрі – Журнал) енгізуді;
4) келіп түскен сынамаларды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
5) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ұсынған сынамаларды және ілеспе ветеринариялық құжаттарды қабылдауды;
2) жеткізілген сынамаларды Сынамаларды іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкестігіне талдауды және тексеруді;
3) ілеспе, ветеринариялық құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
4) ) келіп түскен сынамаларды ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ветеринариялық зертханалардың тиісті бөлімдеріне жіберуді;
5) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
1) ветеринариялық ілеспе құжаттарды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, азық және азықтық қоспалардың ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексеруді;
2) ветеринариялық ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерді Журналға енгізуді;
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді;
4) ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) ресімдеуді және беруді қамтиды.
Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
серологиялық зерттеулер бойынша:
классикалық – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);
вирусологиялық зерттеулер – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
молекулалық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);
бактериялогиялық зерттеулер бойынша:
микроскопия – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
биологиялық сынама – 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерінің, азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде оны одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтық бөлімшелері Сынамаларды іріктеу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. "Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамаларын) беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру (тасу) (импорт/экспорт) кезінде, сондай-ақ Заңның 35-бабы 2-тармағының 3), 6-3) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін диагностикалау немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау үшін олардан сынамалар алуды тиісті әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүргізеді.
Заңның 35-бабы 2-тармағының 5), 6-1) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүргізу кезінде диагностикалауға арналған биологиялық материалдың сынамаларын алуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарының ветеринария саласындағы мамандары жүргізеді.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның қызметкерлері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсесінде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік ветеринариялық ұйым кеңсесінің қызметкері өтінішті келіп түскен күні қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және ветеринария саласындағы жауапты маманды айқындау үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.
Жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор/ мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сынамаларды іріктеу қағидаларына сәйкес сынамаларды іріктеуді, ілеспе құжаттарды дайындауды жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жібереді.
Сынамаларды іріктеп және көрсетілетін қызметті берушіге зерттеуге жібергеннен кейін жауапты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор/мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің құны мен мерзімдері туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшенің/мемлекеттік ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде ветеринариялық-санитариялық сараптама және диагностикалық зерттеулер жүргізеді.
Диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптама актісін (сынақ хаттамасын) не ақпараттық жүйені пайдалана отырып осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Серологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) бірге әрбір сынама бойынша "оң", "теріс" немесе "күмәнді" мөртабан бедерлерін қоя отырып, оларды зерттеу нәтижелерінің белгісімен жануарлардың тізімдемесі ресімделеді.
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін аумақтық бөлімшенің/ЖАО-ның кеңсесіне жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті алушы сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
көрсетілетін қызметті беруші, ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Сараптама актісін (сынақ |
|
|
Нысан/Форма |
_______________________________________ (зерттеулер жүргізген ветеринариялық зертхананың атауы, белгілері және аккредитация жөніндегі деректер (бар болса), мекенжайы, телефондары) Беткі жағы/Лицевая сторона Сараптама актісі (сынақ хаттамасы)/Акт экспертизы (протокол испытаний) 20__ жылғы/года "____" ___________ № _____________
|
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы және мекенжайы/Фамилия, имя, отчество (при наличии) физического лица или наименование юридического лица и адрес |
|
|
Сынама атауы, типі, маркасы, сериясы/Наименование образца, тип, марка, серия |
|
|
Үлгінің сынаққа келіп түскен күні/Дата поступления образца на испытание |
|
|
Үлгі алынған күн/Дата отбора образца |
|
|
Дайындаушы (ел, фирма)/Изготовитель (страна, фирма) |
|
|
Партия өлшемі, сынамалар мөлшері, массасы/Размер партии, количество проб, масса |
|
|
Нормативтік құжаттың белгіленуі/Обозначение нормативного документа |
|
|
Сынақтар жүргізілген күн/Дата проведения испытаний |
|
|
Сынақтар түрі/Вид испытаний |
|
Сырт жағы/Оборотная страница Сараптама (сынақтар) нәтижелері/Результаты экспертизы (испытаний) № __________________:
|
№ п/п |
Зерттеулер/сынақтар атауы/ Наименование исследований/испытаний |
Зерттеулер/ сынақтар әдістеріне нормативтік құжат/Нормативный документ на методы исследований/испытаний |
Көрсеткіштердің нормадағы мәндері/ Нормируемые значения показателей* |
Зерттеулер/сынақтар нәтижелері/ Результаты исследований/испытаний |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
|
|
Қолданылған бақылау материалдары (диагностикумдар)/Примененные контрольные материалы (диагностикумы) ______________________________
Сынақтар жүргізу шарттары/Условия проведения испытаний _________________________________________________________
Сараптама (сынақтар) нәтижелері тек сыналған үлгілерге қатысты/Результаты экспертизы (испытаний) относятся только к испытанным образцам _________________________________________________________
Ескертпе/Примечание:
* сараптама актісі (сынақ хаттамасы) рәсімделгенде жануарлар ауруларына диагностикалық зерттеу жүргізілгенде толтырылмайды/при оформлении акта экспертизы (протокола испытаний) по проведенным диагностическим исследованиям болезней животных не заполняется.
Басшы/Руководитель ________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Осы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз ішінара немесе толықтай көшіруге, көбейтуге болмайды/Настоящий акт экспертизы (протокол испытаний) не может быть полностью или частично воспроизведен или тиражирован без разрешения ветеринарной лаборатории, проводившей исследования/испытания.
|
|
Сараптама актісін |
|
|
Нысан |
|
|
(Кімге) ____________________ |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектісінің атауы, түрі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ветеринариялық зертханалары ұсынатын сараптама актісін (сынақ хаттамасын)
беруді сұраймын.
Дайындаушы (ел, фирма)________________________________________
Партия өлшемі, сынама саны, массасы___________________________
Зерттеулер түрі_________________________________________________
Байланыс телефондары ___________________________________________
электрондық мекенжайы (бар болса)_______________________________
Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларына сәйкес зертхана көрсететін қызметтерге ақы төлеуге өз келісімімді растаймын. Зертхана ұсынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларымен таныстым.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақыны:__________________________
____________________________________________________________________
зертханалар кассаларына қолма-қол ақша нысанында;
____________________________________________________________________
екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда; шарттық міндеттемелер шеңберінде төлеуге міндеттенемін.
Зертхана ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманының ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен сынамалар алуына келісемін. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Мемлекеттік қызмет алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ______________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Күні_____________________________________________________________
|
|
Сараптама актісін |
"Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары/ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер/ЖАО); 2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі: серологиялық зерттеулер бойынша: классикалық – 5 (бес) жұмыс күні ішінде; иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); вирусологиялық зерттеулер – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); молекулярлық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай); бактериялогиялық зерттеулер бойынша: микроскопия – 2 (екі) жұмыс күні ішінде; биологиялық сынама – 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты); паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде; тамақ өнімдерінің, азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде; тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Сынамаларды алу және оларды зертханаға зерттеуге жолдау – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметі көрсету құнын көрсетілетін қызметі беруші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабы 1-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 6-3) және 7) тармақшаларына сәйкес белгілейді және интернет-ресурста және үй-жайларда орналастырады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда не зертханалардың кассаларына қолма-қол ақшамен немесе шарттық міндеттемелер шеңберінде ақы төлейді. Мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін сынамалар алу тегін жүзеге асырылады. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс уақытта өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының кестесіне сәйкес белгілейді. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Аумақтық бөлімшелер/ЖАО арқылы көрсетілетін қызметті берушіге: 1) нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); порталда: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшелердің/ЖАО-ның қызметкерлері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
|
|
|
Сараптама актісін (сынақ |
|||
|
|
Нысан |
|||
Хабарлама
№ _______ 20____жылғы "____" ____________________________
Көрсетілетін қызметті алушы ___________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жүгінген күні 20__жылғы "___" ____________
Сараптама атауы______________________________________________________________
Сараптама актісін беру мерзімі __________________________________________________
Көрсетілетін қызметтің құны: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(қол қоюшы қызметкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/жергілікті атқарушы органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесінің атауы).
|
|
Сараптама актісін |
||||
|
|
(сынақ хаттамасын) беру |
||||
|
|
қағидаларына |
||||
|
|
5-қосымша |
||||
|
|
Нысан |
||||
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту Берілген күні: [берілген күні] [Көрсетілетін қызметті алушының атауы] Тіркеу орны: Облыс: [Облыс] Аудан: [Аудан] Қала\елді мекен: [қала\елді мекен] [жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН / ЖСН] Мемлекеттік тіркеу күні [күні] Бас тарту себебі: [бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]
|
|
||||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК