«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бір жылға 2 903 904,8 мың теңгені құрайды. 01 қазандағы жағдай бойынша жыл басынан бері қабылданған міндеттемелер сомасы 2 723 472,0 мың теңгені (орындау пайызы 65,9 % ) құрайды, оның ішінде:
001 «Ветеринария саласындағы жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша: 255 576,6 мың теңге игерілді (орындау пайызы 66,8%)
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 106,8 мың теңге игерілді (орындау пайызы 39%)
008 «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 64 674,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 63,7 %)
009 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 12 949,3 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 45,2 %)
010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 32 769,5 мың теңге игерілді (орындау пайызы 83 %)
011 «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 302,1 мың теңге игерілді (орындау пайызы 67,4 %)
012 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 93 577,4 мың теңге игерілді (орындау пайызы 52%)
013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 73 585,2 мың теңге игерілді (орындау пайызы 71,8%)
014 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 918 638,6 мың теңге игерілді (орындау пайызы 76,3 %)
028 «Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пункттеріне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 9 388,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100 %)
030 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 60 410,5 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100%) жоспар орындалды.
032 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» бағдарламасы бойынша 0,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 0%). Конкурстық рәсімдер өткізіледі.
033 «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру» бағдарламасы бойынша 0,0 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 0%). Конкурстық рәсімдер өткізіледі.
034 «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» бағдарламасы бойынша 0,0 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 0%). Конкурстық рәсімдер өткізіледі.
067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 0,0 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 0%). Конкурстық рәсімдер өткізіледі.
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 391 028,2 мың теңге игерілді (орындау пайызы 53,2%)