«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бір жылға 2 903 904,8 мың теңгені құрайды. 31 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 698 878,2 мың теңгені (орындау пайызы 93 %) құрайды, оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша: игерілгені 233 034,3 мың теңге (орындалу пайызы 61,1%)
003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 106,8 мың теңге игерілді (орындау пайызы 25%)
008 «Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 61 747,3 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 61%)
009 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 11 638,1 мың теңге игерілді (орындау пайызы 41%)
010 «қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 32 769,5 мың теңге игерілді (орындау пайызы 41%)
011 «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 302,1 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 67,4 %)
012 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 37 024,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 21%)
013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша игерілгені 66 128,2 мың теңге (орындалу пайызы 65%)
014 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 775 551,4 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 64,4%)
028 «Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 9 388,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100%)
030 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 60 410,5 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 93%) жоспар орындалды.
067 «Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша 0,0 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 0%). Конкурстық рәсімдер өткізіледі.
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша 341 217,2 мың теңге игерілді (орындау пайызы 46,4%).