Қостанай облысы әкімдігі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 518 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
|
№ п/п |
Құрылымдық элемент |
Бұрынғы редакция |
Жаңа редакция |
Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негіздемесі |
|
1 |
15. Функциялар |
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
14) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды жүзеге асырады; |
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру; |
Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
|
Басшы А.Шектыбаев