Әкімдіктің 2021 жылғы
« ___» ______________
№ ____
қаулысымен бекітілді
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
10 Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болып табылады;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау болып табылады;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады;
8) ветеринария ғылымын дамыту, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
1) құқықтар:
өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
өңірдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін басқа ұйымдардың, басқармалар мен ведомстволардың мамандарын тарту;
белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастырады және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімдер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялауды жүзеге асырады;
6) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдайды, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
7) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
8) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
10) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымды қамтамасыз етеді;
11) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастырады;
12) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;
13) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
14) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығарады;
16) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді;
17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткізілуін үйлестіреді;
18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады;
19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды(құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және процессингтік орталыққа ақпарат береді;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады;
22) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
23) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтауды, талдауды және оларды уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асырады;
25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді;
26) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді;
31) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар)туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды және жинақтауды ұйымдастырады;;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
мемлекеттік органның атауы
1) басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; ;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда басқарманың атынан өкілдік етеді;;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және қызметкерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Басқарманың қаржыландыру жоспарын, басқару құрылымын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге
қосымша
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі