«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ-нің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары бір жылға 1655014,5 мың теңгені құрайды. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап қабылданған міндеттемелердің сомасы 1655013,0 мың теңгені (орындау пайызы 100 % ) құрайды, оның ішінде:
001 «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша: 274 519,7 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100%)
008 «Мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 103 320,6 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100%)
009 «Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 23 445,7 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100 %)
010 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 79 261,4 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100 %)
011 «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша 68,0 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100 %)
012 «Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 114 328,3 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100%)
013 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша игерілгені 135 024,8 мың теңге (орындалу пайызы 100%)
014 «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы бойынша 895 808,9 мың теңге игерілді (орындалу пайызы 100%)
028 «Уақытша сақтау пункттеріне дейін ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 3 247,3 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100%)
030 «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қабылданған міндеттемелердің сомасы 49069,6 мың теңге (орындау пайызы 100%) жоспар орындалды.
040 «Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын, аспаптарды, техниканы, жабдықтар мен мүкәммалды орталықтандырылған сатып алу» бағдарламасы бойынша 3 683,7 мың теңге игерілді (орындау пайызы 100 %).