Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10093 тіркелді
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРAМЫН:
|
Министр |
A. Мамытбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
12 желтоқсан 2014 жылы
Қазақстан Республикасы
Aуыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-1/623 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік
нормативі
1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 11 бабының 1 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, сонымен қатар оның облыстарда құрылатын филиалдары;
2) Заңның 11 бабының 1 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның облыста, ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылатын филиалдары.
Екі және одан да көп әкімшілік-территориялық бірлік (аудан) бір әкімшілік-территориялық бірлікке (аудан) біріккенде, қосылғанда республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалының аудандық бөлімшесіне қосымша ветеринариялық зертхана құрылады;
3) Заңның 11 бабының 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның республикалық маңызы бар қалада құрылатын филиалы құрылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Aуыл шаруашылығы министрінің 09.03.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК