БЕКІТЕМІН
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
______________Ғ. Т. Нұрмұхамбетов
2021 жылғы «___»________________
Қостанай облысының аумағында 2021 жылға ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР
Мақсаты: Қостанай облысында 2021 жылы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы, ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен ауылдық жиындарда әдістемелік құралдар, анықтамалық материалдар әзірлеудің көмегімен халық арасында тұрақты негізде жүргізуді жүзеге асырылсын.
- Республикалық және жергілікті бюджет есебінен түсетін ветеринариялық препараттарды сақтау және пайдалану үшін ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жағдайлар қамтамасыз етілсін.
- Аудандар мен қалалардың әкімдіктері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде Ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттерге көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
- Эпизоотияға қарсы және энзоотияға қарсы іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті талдауды ұсына отырып тұрақты негізде жүзеге асыру. Туберкулиндеу (аллергенді енгізу және реакцияны оқу), ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы иммундау, энзоотияға қарсы препараттарды қолдану аудандар мен қалаларға бекітілген Ветеринария басқармасы өкілдерінің, Ветеринариялық станциялар басшыларының, ветеринариялық пункттер меңгерушілерінің бақылауымен жүзеге асырылсын.
- Ветеринария басқармасы өкілдері, аудандар мен қалалардың Ветеринариялық станцияларының басшылары ветеринариялық – профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөніндегі бастапқы құжаттаманы (жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактика бойынша көрсетілген қызметтердің тізімдемелері мен актілері, қан сынамаларын алу және жеткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостар) уақтылы және қатаң жүргізуді қамтамасыз етсін.
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (бұдан әрі-АЖБ) деректер базасы ауыл шаруашылығы жануарларының нақты мал басы бойынша жүргізуді қамтамасыз етсін. Жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың мониторингін жүзеге асыру үшін аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары өткізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді АЖБ дерекқорына уақтылы және сапалы енгізуді жүргізсін.
- Аудандар мен қалалардың Ветеринариялық станцияларының басшылары жаңа қызметкерлермен шұғыл алмастыру мақсатында ветеринария мамандарының күтілетін бос жұмыс орындарын уақтылы болжауды қамтамасыз етсін.
- Бруцеллезбен ауырған адамдардың саны көп жануарлар анықталған елді мекендердегі мал басы және мекен мәртебесін уақтылы анықтау үшін бактериологиялық немесе молекулярлық-генетикалық әдістермен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдың үлгілерін іріктеуді қамтамасыз етсін. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды сапалы зерттеп-қарауды қамтамасыз етсін және мүдделі органдармен бірлесіп қолайсыз пункттерді сауықтыру жөніндегі жұмысты бастасын.
Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына күдік болғанда және туындаған жағдайда, ветеринария басқармасына шұғыл хабарлама ұсына отырып, биологиялық және патологиялық материал сынамаларын РВЗ ҚОФ тапсыруды қамтамасыз етсін.
- Сібір жарасы бойынша барлық қолда бар стационарлық-қолайсыз пункттерге тұрақты негізде мониторинг жүргізілсін, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдансын.
- Малды жайылымға шығарғаннан кейін және малды қорада ұстауға қояр алдында мал қораларына механикалық тазарту және ағымдағы дезинфекциялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
- ҚР АШМ БАБЖ Web-порталы және АЖБ деректер базасы арқылы, сондай-ақ жануарларды карантиндеу бойынша жүргізілетін іс-шараларды үйлестіру жолымен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орнын ауыстыруды бақылауды қамтамасыз етсін.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және көрсетілетін қызметті алушыларға ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуды қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы арттырылсын, сондай-ақ аудандар мен қалалардың Ветеринариялық станцияларында облыс әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалауға әсер ететін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан ішкі мемлекеттік бақылауды жүргізсін.
Жауаптылар:
Ветеринария басқармасы ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық ұйымдармен, аудандар мен қалалардың әкімдіктері.
«Қостанай облысы әкімдігінің
ветеринария басқармасы» ММ басшысының м.а.,
облыстың бас мемлекеттік
ветеринариялық дәрігері А. Шектібаев
Ескертпе:
Стратегиялық міндеттер «Ветеринария туралы» ҚР Заңына, Ұлт жоспарының 92 – тармағын орындау-100 нақты қадамды орындау үшін, эпизоотияға қарсы және энзоотиялық іс-шаралардың 2020 жылға бекітілген жоспарларына, 01.12.2020 жылға эпизоотологиялық талдау нәтижелеріне негізделген.
Қайыпбай Б. Б._____________Бекет Б.Ғ._________Төлепов Е.И._________Шамшадин Т.Қ. _________ Көшебенова А.А._________