БЕКІТЕМІН
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
______________Ғ.Т. Нұрмұхамбетов
2020 жылғы «___»________________
Қостанай облысының аумағында 2020 жылға ветеринариялық-санитариялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР
Мақсаты: Қостанай облысында 2020 жылы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен болатын ауыл жиындарында ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізуді тұрақты жүзеге асыру, методикалық көмекші құралдар, анықтамалық материалдар әзірлеу.
- Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебінен түсетін ветеринариялық препараттарды сақтау және пайдалану үшін жағдайлар қамтамасыз ету.
- Аудандар мен қалалардың әкімдіктері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындау кезінде "Ветеринариялық станцияларға" МКК және ветеринариялық пункттерге жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
- Тұрақты негізде эпизоотияға және энзоотияға қарсы іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторинг жүргіп, талдау қортындысын ұсыну. Туберкулинизация (аллерген енгізу және реакция оқу), ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауіпті ауруларға қарсы иммундау, энзоотияға қарсы препараттарды қолдану аудандар мен қалаларға бекітілген Ветеринария басқармасы өкілдерінің, Ветеринариялық станция басшыларының, ветеринариялық пункттер меңгерушілерінің бақылауымен жүзеге асырылады.
- Ветеринарлық-санитарлық қолайлылыққа қол жеткізуге жұмылдырылған ветеринарлық-алдын алу іс-шараларының мониторингі, жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің орны ауысуын қадағалау үшін«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» қорын ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының нақты есебімен жүргізуді қамтамасыз етілсін.
- Бруцеллезбен адамдар ауырған жағдайларда және оң нәтиже көрсеткен жануарлар саны көбейген елді мекендерде пункттің (мал басының) мәртебесін уақытылы анықтауға зертханалық зерттеулер жүргізу (бактерологиялық немесе молекулярлы-генитикалық әдіспен) үшін биологиялық материалдар сынамаларын алу қамтамасыз етілсін. Олар пайда болған жағдайда эпизоотиялық ошақтарға сапалы зерттеу қамтамасыз етілсін және мүдделі органдармен бірге қолайсыз пункттерді сауықтыру бойынша жұмысты 35-40 жұмыс күні ішінде бастасын.
- Ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық аурулары (гиподерматоз, псороптоз, сақау, жылқының параскаридозы,шошқаның аскаридозы) бойынша биологиялық және патологиялық материал сынамаларын РВЗ ҚОФ-ға тапсыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ эпизоотологиялық тексеру актілерін, осы аурулар бойынша патологоанатомиялық сою актілерін ұсыну.
- Тұрақты негізде сібір жарасы бойынша барлық стационарлық-қолайсыз пункттерге (СҚП) мониторинг жүргізу, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
- Жануарларды жайлауға шығарғаннан кейін және қолда бағымға қояр алдында мал қораларғамеханикалық тазалау және ағымдағы дезинфекциялау жасау жүйелендірілсін.
- ҚР АШМ ББАЖ электрондық жүйесі арқылы жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орнын ауыстыруды қадағалау, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға карантиндеу жүргізу.
- Союды растайтын актілерді ұсына отырып, инфекциялық малды санитарлық союға уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету.
- Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді.
Мақсатты индикаторларға жету:
- 2020 жылы ірі қара малдың бруцеллезі бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету;
-жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулерді сапалы жүргізуді қамтамасыз ету, кейіннен "АЖС" базасына мәліметтерді енгізу;
- облыс аумағында эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету.
Жауаптылар:
Ветеринария басқармасы ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық ұйымдармен, аудандар мен қалалардың әкімдіктері.
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы,облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері С. Қалиев
Ескертпе:
Стратегиялық міндеттер Ұлт жоспарының 92 – тармағын орындау-100 нақты қадам, "Ветеринария туралы"
ҚР Заңына,01.12.2019 жылға Эпизоотиялық талдау нәтижелері бойынша эпизоотияға қарсы және энзоотиялық іс-шаралардың 2020 жылға бекітілген жоспарларына негізделген.
Шектібаев А.Б.__________Бекет Б.Ғ._________Төлепов Е.И._________Шамшадин Т.Қ. _________ Көшебенова А.А._________