«Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» КМК

  КЕЛІСІЛДІ

      «Қостанай облысы әкімдігінің

ветеринария басқармасы» ММ

басшысы

___________ А. Шектыбаев

 

 

Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының                «Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүрізу нәтижелері бойынша

аналитикалық анықтамасы

 

Қостанай қ.                                                                2021 жылғы 29 сәуір

   

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) басшысының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 57 «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2021 жығы 01 қаңтардан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  келесі құрамда жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді:

- ұйымдастыру - құжаттама бөлімінің басшысы                           А. Нұрлымбаева;

- құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Б. Кеңесов.

Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты Алтынсарин ауданының аумағында ветеринариялық іс-шаралар өткізу болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын

          келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;

6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

7) ветеринариялық анықтама беру;

8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету.

 

«Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау».

Кәсіпорын өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, «Ветеринария туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын, Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген кәсіпорын Жарғысын және кәсіпорын қызметін реттейтін өзге де НҚА басшылыққа алады.

Жануарларды жою рәсімі.

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою рәсімі жою процестерінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарының нормативтік болмауынан туындайды.

Мәселен, "Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды міндетті түрде алып қоймай  залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу; қағидаларының" 6-тармағына сәйкес,

"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығына (бұдан әрі – №2 қосымша) - жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты мәселелерді шешу үшін осы Қағидалардың 4 және (немесе) 5-тармақтарына сәйкес қабылданған қаулылар негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесі басшысының (басшысы болмаған жағдайда) бұйрығымен – оның міндетін атқаратын лауазымды адам) оларды алған немесе қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті аумақтың жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымының, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының өкілдері қатарынан комиссия құрылады.

Алайда, жоғарыда көрсетілген нормалармен және өзге де салалық НҚА-мен осы комиссияның құрамына жұртшылық немесе бизнес өкілдерін енгізу міндеттілігі белгіленбеген.

Сондай-ақ жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою кезінде бейнетіркеу рәсімдерін жүргізудің міндеттілігі белгіленбеген.

Осылайша, бейнетіркеудің және жою рәсімдерін қоғамдық бақылаудың міндетті болмауы сайлау құқығын қолдану практикасының мүмкіндігін тудырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына әкеледі.

 

Кадрлардың ауысуын талдау.

Кәсіпорында 36 адам жұмыс істейді, оның ішінде 26 - мал дәрігері,  9 – көмекші және техникалық персонал.

2021 жылдан осы уақытқа дейін 2 қызметкер қабылданған, 1 қызметкер жұмыстан босатылған - ( өз қалауы бойынша өтініш). 4 бос орын, оның ішінде 1 бос орын ветеринар дәрігер лауазымы, 1 бос орын ветеринар фельдшер лауазымы, 1 бос орын жүргізуші қызметі, 1 бос орын инсинератор-санитары қызметі.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Келіп түскен хаттардың талдауы бойынша 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап ағымдағы жылдың 28 сәуіріне дейін кәсіпорынға жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түскен, келіп түскен өтініштерге "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"ҚР Заңына сәйкес жауаптар берілген.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығына сәйкес,ветеринария саласында кәсіпорын екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Ветеринариялық анықтама беру;
  2. Ветеринариялық паспорт беру.

Осылайша, 2021 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша кәсіпорынмен «Ветеринариялық анықтама беру» 89 мемлекеттік көрсетілетін қызметі, «Ветеринариялық паспорт беру» 25 мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілді, бұл ретте БАБЖ деректер базасын «электрондық үкімет» порталымен интеграциялаудың болмауы және жетілдірілмеу фактісі орын алды. Бұл азаматтарға осы қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндік бермейді. Бұл мән-жайлар көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысына алып келеді, бұл кейіннен сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдай жасайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес ұсақ қара мал мен шошқаға ветеринариялық паспорт отарға (табынға) беріледі, яғни бірнеше жануарға 1 ветеринариялық паспорт беріледі, ал АЖБ базасы бойынша әр жануарға Ветеринариялық паспорт қалыптастырады.

 

Мемлекеттік сатып алулар

Басқарма Мемлекеттік сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізеді. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі және өнім берушімен қандай да бір байланыс болмайды. Келісім шарттарды жасасудың тек электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және дұрыс ақпарат қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Электрондық келісім шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтығына бағытталған басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Ағымдағы жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша кәсіпорында тапсырыс беруші ретінде жалпы сомасы 3 638200  (үш миллион алты жүз отыз сегіз мың екі жүз) теңгеге, оның ішінде тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден 1568000  (бір миллион бес жүз алпыс сегіз мың) теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша 29 келісім-шарт жасалған; өтпеген сатып алулар бойынша бір көзден 1,668200 (бір миллион алты жүз алпыс сегіз мың екі жүз) теңге баға ұсыныстарын сұрату арқылы 402000 (төрт жүз екі мың) теңге сомаға келісім шарттар жасалған.

Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1-тармақшасын бұза отырып, кәсіпорында Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен өнім берушілермен шарт жасасуды негіздейтін құжаттардың толық топтамасы (баға ұсыныстары) жоқ.

Осылайша, көрсетілген фактілер кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай жасауға, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде нақты жеткізушіге артықшылық көрсетуге ықпал етеді.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу

Кәсіпорын қызметінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша жұмыс тобы келесі ұсыныстар жасады:

  1. Кәсіпорын Басшысына:

- жануарларды жою рәсімі бойынша ұсыныс жіберілсін.

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы мүлтіксіз сақталсын;

- кадрлық іс жүргізуді жүргізу кезінде кадрлық іс жүргізу бойынша талаптар мүлтіксіз сақталсын;

- жұмыскерлерге кейіннен сыйлықақы беру мақсатында тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастауға жол берілмесін.

 

 

Ұйымдастыру - құжаттама

бөлімінің басшысы                             ___________ А. Нұрлымбаева

 

Құқықтық қамтамасыз

ету бөлімінің бас маманы                         ____________ Б. Кеңесов

 

 

Дата публикации
29 апреля 2021