Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакцина ветеринариялық препараттардың жылдық мөлшерінен 59% көлемде келіп түсті. Барлық ветеринариялық препараттар жеткізушімен аудандар мен қалаларға көрсетілген көлемде жеткізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ІҚМ. Ағымдағы жылғы 5 айда диагностикалық зерттеулердің жоспарында 223 070 сынама болғанда, 228 758 сынама немесе 102,5% зерттелді.
ҰММ. Ағымдағы жылғы 5 айда диагностикалық зерттеулердің жоспарында 211 236 сынама болғанда, 213 407 сынама немесе 101,0% зерттелді.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын-алу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың бекітілген жоспарының шеңберінде 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді:
- туберкулёз 5 айлық жоспарда ІҚМ 315 470 бас болғанда, 316 120 бас немесе 100% зерттелді, шошқалар жоспарда 23 080 бас болғанда, 23 080 бас, немесе 100% зерттелді;
- сібір жарасы 5 айлық жоспарда ІҚМ 271 700 бас болғанда, 274 800 бас немесе 101% егуден өтті, жоспарда ҰММ 209 380 бас болғанда, 209 380 бас немесе 100% егуден өтті, жоспарда жылқылар 40 680 бас болғанда, 40 680 бас немесе 100% егуден өтті;
- пастереллёз 5 айлық жоспарда ІҚМ 87 550 бас болғанда, 87 850 бас немесе 100% егуден өтті, жоспарда ҰММ 70 150 бас болғанда 70 150 бас немесе 100% егуден өтті.
Цифрландыру
Қазіргі кезде 2021 жылға жаңа цифрландыру жобасын әзірлеу жалғасуда. Қаржыландыру мақсатында жобаны іске асыруға қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жіберілетіні күтілуде.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталының мониторингіне сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымды қоса алған кезеңде БАБЖ жүйесіне 19 729 ветеринариялық анықтама енгізілді.