Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Нұр-Сұлтан қаласының франко-қоймаларынан аудандық және қалалық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға дейін жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге өнім берушімен шарт жасалды. Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларымен жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуге шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізілді.
Диагностикалық зерттеулер
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау бойынша 2021 жылға арналған ветеринариялық-алдын алу іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарды орындау бойынша ветеринарлық іс-шаралар ағымдағы жылдың ақпан айында басталады.
Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары
Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша 2021 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы вакцинация шаралары қарастырылған.
Цифрландыру
Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған жаңа цифрландыру жобасын әзірлеу жалғасуда. Қаржыландыру мақсатында жобаны іске асыруға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім жіберіледі деп күтілуде.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесіне 2 067 ветеринариялық анықтама енгізілді.