Әкімдіктің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының
«Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы»
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
жарғысы
Жалпы ережелер
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады.
Кәсіпорын Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне мүліктік кешен ретінде қабылданған аудандық және қалалық мемлекеттік коммуналдық ветеринария кәсіпорындарын қайта атау туралы» 2020 жылғы 3 ақпандағы № 45 қаулысына сәйкес қайта аталды.
Кәсіпорынның құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
Кәсіпорынға қатысты субъектінің коммуналдық мемлекеттік меншік құқығын Қостанай облысының әкімдігі жүзеге асырады.
Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қостанай облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқару органы) Кәсіпорынды басқару жөніндегі бірқатар функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік береді.
Кәсіпорынның атауы: Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 72-ғимарат.
Кәсіпорынның заңдық мәртебесі
Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
Кәсіпорынмен жасасылатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасасылынған деп есептеледі.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Арқалық қаласының аумағында ветеринариялық іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастыратын мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
10) Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
Кәсіпорынға осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасасуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы, не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасасылған мәмілесі Басқару органының, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған басшысының іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
Кәсіпорынды басқару
Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;
4) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;
5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
7) Кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қою туралы шешімді қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа өкілдіктерді жүзеге асырады.
Басқару органы:
1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
2) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
3) Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды, Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
4) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды қамтамасыз етеді;
5) Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын), бас бухгалтерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Кәсіпорынның жыл сайын еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
7) Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгілейді;
8) Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;
9) Кәсіпорынның мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді қолдануды қамтамасыз етеді;
10) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Кәсіпорынның органы оның басшысы болып табылады.
Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткiзу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Басқару органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақтылы аударылмағаны үшін Еңбек шартында Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.
Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
Кәсіпорын басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегінде Кәсіпорын мүлкіне иелік етеді;
3) шарттар және өзге де мәмілелерді жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе көтермелеу шараларын қолданады және жазаға тартады;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) Басқару органына өзінің орынбасарларын, бас бухгалтерді қызметке тағайындау және қызметтен босатуға кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
11) Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның мүлкі
Кәсіпорынның мүлкін, құны оның балансында көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
Кәсіпорынның иелігінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтық мәніне қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құықығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың нәтижелері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік меншік құқығын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
Меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, егер Қазақстан Республикасының Заңнамасында немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорында мүлікті оның балансына бекіту сәтінде туындайды.
Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіпте және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 36-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
Осы Жарғының 35-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауды және сақталуды қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
Кәсіпорын жергілікті атқарушы органының жазбаша келісімімен Басқару органының ұсынымы бойынша мыналарға:
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
2) дебиторлық берешекке билік етуге;
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;
4) қарыздар беруге құқылы.
Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен немесе меншік иесімен (жергілікті атқарушы орган) өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 38 және 39-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасасылған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
Кәсіпорынның кассасына қабылданған қолма-қол ақша олар қабылданған күннен бастап толық көлемде үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тиісті банктік шоттарға аударылуы тиіс. Кәсіпорын кассасынан кез келген негіздер бойынша қолма-қол ақшалай қаражатты беруге болмайды. Кәсіпорынның банктік шоттарына түскен ақшалай қаражат тек қана қолма-қол ақшасыз төлеу жолымен жұмсалады.
Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін облыстық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің шығынсыздылығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Кәсіпорын бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Басқару органының келісімі бойынша белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстары, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 114 090 489 (жүз он төрт миллион тоқсан мың төрт жүз сексен тоғыз) теңге 40 тиын құрайды.
Кәсіпорынның есебі және есептілігі
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігі бухгалтерлік балансты, табыстар мен шығындар туралы есеп беруді, ақша қозғалысы туралы есеп беруді, капиталындағы өзгерістер туралы есеп беруді, түсіндірме жазбаны қамтиды.
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді және мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
Мемлекет жергілікті атқарушы органның iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық жағдайды қоспағанда, Кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұл жағдайларда мемлекет Кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн Басқару органы белгiлейдi.
Еңбек ұжымымен өзара қатынас
Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы қамтамасыз етеді.
Таратылған Кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы облыстық бюджеттің кірісіне есептеледі.
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
Басшы ________________________ ______________
Т.А.Ә. қолы