2026 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы)

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары – аудандар мен қалалардың 20 «Ветеринариялық станция» КМК, олардың құрылымына ауылдар мен ауылдық округтерде орналасқан 195 ветеринариялық пункт кіреді.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілер әзірленген мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны – 4.

Басқарма келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  • «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру».

Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Ветеринариялық анықтама беру»;
    • «Ветеринариялық паспорт беру»;
    • «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

Аталған мемлекеттік қызметтер Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан төмендегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі:

  • 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы     30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан үзінді көшірме беру қағидалары.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету форматы

  1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылған және «Е-лицензиялау» порталы арқылы көрсетіледі.
  2. Ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің (БАБЖ) веб-порталы арқылы қағаз түрінде көрсетіледі.
  3. Ветеринариялық паспорт беру «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АШЖБ) ақпараттық жүйесі арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
  4. «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметі АШЖБ АЖ арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ баламалы негізде «Tort Tulik» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау

2026 жылғы 3 тоқсанда Ветеринария басқармасы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін 3 рет көрсетті.

2026 жылғы 3 тоқсанда ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Ветеринариялық станция» КМК тарапынан барлығы 8 557 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • 8 263 – ветеринариялық анықтама беру;
  • 225 – ветеринариялық паспорт беру;
  • 69 – ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
  • 11 – ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Бақылау іс-шаралары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №128 бұйрықпен бекітілген, 3 тоқсанда «Амангелді ауданының ветеринариялық станциясы» КМК, «Жангелді ауданының ветеринариялық станциясы» КМК және «Арқалық қаласының ветеринариялық станциясы» КМК-да 3 бақылау іс-шарасы жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзудың 1 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 17 ұсыным беріліп, оның 16-сы орындалды.

Ішкі бақылау және мониторинг

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес Ветеринария басқармасы «Ветеринариялық станция» КМК-лардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша БАБЖ цифрлық жүйесі арқылы ішкі бақылау жүргізді.

2026 жылғы 3-тоқсандағы ішкі бақылау шеңберінде:

  • көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін сақтамаудың 1 фактісі;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзудың 3 фактісі анықталды.

Ішкі бақылау қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2026 жылғы 6 қазандағы №06-11/1471 хат жолданды. 5 ұсыным әзірленді, оның ішінде анықталған бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар бар. Ұсынымдарды орындау мерзімі – 2026 жылғы 10 қазанға дейін.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 3 тоқсанда аудандар мен қалалардың ветеринария және ветеринариялық станциялары басқармасымен ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде 18 – жарияланым, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 бейнеролик орналастырылды, жалпы халықты қамтумен 1 - кеңес - 291 адам өткізілді.

Біліктілікті арттыру

2026 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ветеринарлық мамандар өткен жоқ.

Дата публикации
14 октября 2026