Қостанай облысындағы ветеринария саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі қорытындысы

Ветеринарлық препараттарды жеткізу

Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 61,7% түсті.

Диагностикалық зерттеулер

Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:

- ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында ІҚМ 294 587 бас жоспарымен 285 337 сынама зерттелді, немесе 96,8%;

- ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында ҰММ 366 652 бас жоспарымен 348 286 сынама зерттелді, немесе 94,9%.

Алдын алу іс-шаралары

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 1 177 249, сібір жарасына – 755 535, туберкулезге – 183 425, құтыруына – 213 586, қарасанға – 164 399, пастереллезге – 176 531, етқоректілердің эхинококкозына – 18 090, жоғары патогенді құс тумауына – 358 300, Ньюкасл ауруына - 101 600 бас.

БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру

БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 17 742 ветеринариялық анықтама берілді.

Дата публикации
07 сентября 2026