2026 жылғы 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі аналитикалық анықтама (Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы)
«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шегінде ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары – аудандар мен қалалардың 20 «Ветеринариялық станция» КМК, олардың құрылымына ауылдар мен ауылдық округтерде орналасқан 195 ветеринариялық пункт кіреді.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын ведомстволық бағынысты нормативтік құқықтық актілер әзірленген мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны – 4.
Басқарма келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Аталған мемлекеттік қызметтер Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан төмендегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету форматы
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау
Ветеринария басқармасы 2026 жылғы 2 тоқсанда «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсеткен жоқ.
2026 жылғы 2 тоқсанда ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Ветеринариялық станция» КМК тарапынан барлығы 7 843 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Бақылау іс-шаралары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі 2026 жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес (2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 128 бұйрық), 2 тоқсанда «Федоров ауданының ветеринариялық станциясы» КМК және «Денисов ауданының ветеринариялық станциясы» КМК-да 2 бақылау іс-шарасы өткізілді.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтардың 37 фактісі, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың 15 фактісі және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін сақтамаудың 22 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 13 ұсыныс әзірленді, оның 10-ы орындалды.
Ішкі бақылау және мониторинг
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес Ветеринария басқармасы БАБЖ ақпараттық жүйесі арқылы аудандар мен қалалардың «Ветеринариялық станция» КМК тарапынан «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге ішкі мониторинг жүргізді.
Ішкі бақылау шеңберінде 2026 жылдың 2 тоқсанында:
Ішкі байқау қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға 2026 жылғы 3 шілдедегі № 06-11/1029 хат жолданды. 5 ұсыным әзірленді, оның ішінде 2026 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде аталған бұзушылықтарға жол берген адамдарға тиісті шаралар қабылдана отырып.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2 тоқсанда аудандар мен қалалардың ветеринария және ветеринариялық станциялары басқармасы ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 30 - жарияланым орналастырды, 2 - ветеринариялық мамандармен түсіндіру әңгімелесулері, жалпы халықты қамтумен 7 - кеңес - 372 адам өткізілді.
Біліктілікті арттыру
2026 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан ветеринарлық мамандар өткен жоқ.