Ветеринарлық препараттарды жеткізу
Облыстың коммуналдық меншігіне республикалық қордан аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық препараттардың жылдық көлемінің 35% түсті.
Диагностикалық зерттеулер
Бекітілген жоспарға сәйкес, ірі қара малдың және ұсақ мүйізді малдың бруцеллезге диагностикалық зерттеулер өткізілді:
- ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында ІҚМ 207 116 бас жоспарымен 203 368 сынама зерттелді, немесе 98,2%;
- ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында ҰММ 261 185 бас жоспарымен 234 203 сынама зерттелді, немесе 89,7%.
Алдын алу іс-шаралары
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың бекітілген Жоспарына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналаудан және аллергиялық зерттеулерден өтті: аусылға – 981 032, сібір жарасына – 519 977, туберкулезге – 92 463, құтыруына – 161 762, қарасанға – 98 451, пастереллезге – 43 185, эхинококкозына – 1 540, етқоректілердің жоғары патогенді құс тумауына – 233 450, Ньюкасл ауруына - 57 000 бас.
БАБЖ жүйесінде ветеринарлық анықтамалар беру
БАБЖ порталдың мониторингіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі кезеңде БАБЖ жүйесі арқылы 10 648 ветеринариялық анықтама берілді.