
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – бұл елді мекендерде жасыл желектерді құру және пайдалану жөніндегі жұмыстар кешені. Жасыл желектер елді мекендерді көркемдеудің негізгі элементтері болып табылады.
Округ бойынша ауылдарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, шаруа қожалықтары жеке үй иеліктерінен көң, қож, қоқыс шығарады. Округ тұрғындары аулалар мен іргелес аумақты абаттандыруға белсенді қатысады, сенбіліктер, ағаш көшеттері, гүлдер отырғызылады. Біз ауылымызды абаттандыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз!