«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ағымдағы жағдай мен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жөнінде жедел ақпарат беретін жаңа сервисті іске қосты.
Енді азаматтарға жекелеген қызметтердің уақытша қолжетімсіз болу себептерін білу үшін ХҚКО қызметкерлеріне жүгінудің қажеті жоқ. Қажетті мәліметтің барлығы «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында және халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды таблоларда көрсетіледі.
Сервис ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларының техникалық жай-күйін автоматты түрде көрсетіп отырады. Осылайша азаматтар мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы сенімді әрі өзекті мәліметті уақытылы алып, ХҚКО немесе МХҚКО-ға бару уақытын алдын ала жоспарлай алады.
«ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі – азаматтардың өтініштерін қабылдап, мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын негізгі арна. Жаңа сервис осы базалар арқылы көрсетілетін қызметтердің уақытша қолжетімсіздігін алдын ала біліп, ХҚКО-ға баруды соған қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл – цифрлық ашықтықты арттыруға, айқындықты күшейтуге және мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тағы бір қадам», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.
Жаңа сервис Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ашық, сенімді әрі қолайлы цифрлық шешімдерді дамытудың келесі кезеңі болды.
Айта кетейік, сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.
Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Штаб бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруға, креативті индустрияны дамытуға, IT-стартаптар мен жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.
Мемлекеттік органдарға келесі тапсырмалар берілді:
***
Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізбесіне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұдан басқа, аталған тізбе ҚР резиденті еместерге бағдарламалық қамтуды пайдалана отырып, бизнес-процестер аутсорсингі, ағылшын тілін оқыту сияқты қызметтермен толықтырылды. Қызметтер аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қоғамдастықты тарту орталығы ретіндегі ұстанымын күшейте түседі.
Ыңғайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервистер SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырады.
Alem.cloud суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарын бөлу ережелерін бекіту Astana Hub стартаптары, ғылыми ұйымдар мен университеттер, мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ шетелдік компанияларды қоса алғанда, жеке сектор жобалары үшін жоғары өнімді қуаттарға қол жеткізудің нақты әрі айқын тетігін қалыптастырады.
Alem.cloud қуатын пайдалануға берудің басым бағыттары жасанды интеллекттің ұлттық даму міндеттерін ескере отырып анықталады және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, мемлекеттік басқару, мұнай-газ саласы, тау-кен металлургия кешені, энергетика, геологиялық барлау, көлік және логистика, өнеркәсіп, құрылыс, робототехника және тағы да басқа салаларды қамтиды.
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»
«Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық.
Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым.
Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары.
Тағы да қайталап айтқым келеді: Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін»
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда балаларды орналастырудың жаңа формасы енгізілді кәсіби қабылдаушы отбасы
Бұл бала асырап алу немесе қамқоршылық емес. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған және сүйіспеншілікке, назар аударуға және қолдауға мұқтаж балаға уақытша қамқорлық.
Кәсіби қабылдаушы отбасы кез келген адам бола алады:
30 жастан 63 жасқа дейінгі ҚР азаматы
арнайы дайындықтан өтті
алдын ала таңдаусыз 4 баланы уақытша қабылдауға дайын
Үміткерлер психологиялық дайындықтан өтеді, отбасылар мамандармен бірге жүреді, ал мемлекет жан-жақты қолдау көрсетеді.
Оқыту курстары мен консультациялар қазірдің өзінде жұмыс істейді.
Кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 70
Тел.: 8/71444/24235
Email: kense@uzunkol.edu.kz
Балаларға Отбасындағы бақытты балалық шаққа бірге мүмкіндік берейік!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын, атап айтқанда, тиімсіз пайдаланылып келген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, оларды адал жер пайдаланушыларға қайта бөлу және ауыл шаруашылығы алқаптарын басқару үдерістерін толық цифрландыру жұмыстарын жүйелі түрде орындауды жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2022 жылдан бастап нысаналы мақсатта пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықпен берілген 13,7 млн гектар (га) ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн га жаңадан тиімді жер пайдаланушыларға бөлініп беріліп, олар жер телімдерін игеріп, ауыл шаруашылығы айналымына қоса бастады. Қалған 7,5 млн га жерді бөлу жұмыстары дайындық кезеңінде. Бұл ретте жергілікті қауымдастықтардың, шаруалардың және инвесторлардың қажеттіліктеріне баса көңіл бөлінген.
Жыл басынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 2,1 млн га аумақта жоспардан тыс 1 497 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 1,6 млн га жер бойынша 1 112 нұсқама берілді, 357,9 мың га жер игерілуде, ал 44,9 мың га жерді мәжбүрлеп қайтару істері сотта қаралуда. 2025 жылы қайтарылуға тиіс 2 млн га жердің 1,67 млн гектары қазірдің өзінде мемлекет меншігіне қайтарылды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың ортасына дейін барлық қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері өндіріске енгізіліп, инвестициялық айналымға тартылып, жаңа жұмыс орындарын құруға пайдаланылуға тиіс. Бұл жергілікті халықтың жайылым тапшылығын азайтуға да ықпал етеді.
Бұл орайда Министрлік жерді қайта бөлу жоспарын әзірлеп, өңірлерге жолдады. Оның басты басымдығы – ауыл тұрғындарының жайылымдық жерге деген сұранысын қанағаттандыру. Жер саясатының басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы жерлерін беру, мониторинг жүргізу және пайдалануды бақылаудың барлық кезеңдерін цифрлық форматқа көшіру. Осыған байланысты Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін тек электронды форматта беруді қарастыратын өзгерістер енгізу бастамасы көтерілді. Басым бағыттардың қатарында, жеңімпазды анықтау процесінен жер комиссиясын алып тастау, адами факторды жою, автоматты түрде балл есептелетін ашық конкурс механизмін енгізу, конкурстарды өткізу мерзімін екі есеге қысқарту сияқты өзгерістерді атап өтуге болады.
Сонымен қатар «Мемлекеттік жер кадастры деректерін қалыптастыру» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жерлерінің бірыңғай ашық цифрлық картасын жасау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 197,937 млн га жер учаскесі цифрландырылып, ашық түрде қолжетімді етілді. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде жер пайдаланушылар жер учаскелерінің мәртебесі, иесі, нысаналы мақсаты және пайдалану тарихы туралы толық ақпаратқа онлайн режимде еркін қол жеткізе алады.
Атқарылып жатқан шаралар – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған межелі жұмыстардың бір бөлігі. Нақтылап айтқанда, бұл – жасанды интеллект қолдану арқылы спутниктік мониторинг тиімділігін арттыру, жер ресурстарын әділ бөлу, жерді мақсатты пайдаланушыларды қолдау және инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау.
Оның мәлімдеуінше, Қазақстанда дарынды балаларды анықтау мен қолдау жүйесі бірнеше деңгейден тұрады.
«Мектепішілік деңгей – әрбір мектепте қабілетті оқушыларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары жүргізіліп, оларды арнайы дайындық топтарына қосу тәжірибесі бар. Аймақтық деңгей – облыстық және қалалық білім басқармалары арқылы олимпиадалар мен конкурстардың іріктеу кезеңдері ұйымдастырылады. Республикалық деңгей – халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары, зияткерлік байқаулар өткізіледі. Халықаралық деңгей – халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарына құрама командаларды қатыстыру ұйымдастырылады. Жүйенің тиімділігін бірнеше бағытта бағалауға болады. Қамтылу ауқымы – республика бойынша әрбір үшінші оқушы түрлі интеллектуалдық жарыстарға қатысады (шамамен 40%). Бұл дарынды балаларды анықтаудың кең ауқымын көрсетеді. Халықаралық жетістіктер – қазақстандық оқушылар жыл сайын халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. Мәселен, математика, информатика, физика, химия, география бойынша Қазақстан командасы әлем бойынша үздік жиырма елдің қатарында.Жүйелілік – дарынды балалармен жұмыс үздіксіз жүргізіледі: анықтау → қолдау → дамыту», – деді спикер.
Білім сапасы тікелей педагогтердің кәсібилігіне байланысты. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда 8 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. 2025 жылы мұғалімдердің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында 30-ға жуық іс-шара – семинарлар, тренингтер, педагогикалық шеберлік конкурстары мен мастер-кластар өткізілді.
Әр жылы педагогтерге арнап өткізілетін оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысында үздік өңірлік тәжірибелер, IT-жобалар, авторлық бағдарламалар мен ғылыми әзірлемелер ұсынылады. Нәтижесінде былтыр дарынды балаларға арналған мамандандырылған ұйымдардан 16 мұғалім «Жылдың үздік педагогі» республикалық атағының иегері атанды. Бұл әдістемелердің тиімділігін және педагогтердің кәсіби дайындығын нақты дәлелдейді.
роебрат ауылында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды — бұл ауыл тұрғындары көптен күткен оқиға болды. Енді түнгі уақытта ауыл көшелері жаңа шамдармен жарықтандырылып, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай артты.
Барлығы 720 заманауи жарықдиодты шам орнатылып, 30 шақырым өздігінен тартылатын изоляцияланған сым (СИП) жүргізілді. Жарықтандыру негізгі көшелерді, бұрылыстарды және қоғамдық орындарды — мектептерді, дүкендерді, аялдамаларды қамтыды. Шамдарды қосу ауыл аудандары бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Тұрғындар көше шамдарының пайда болуымен кешкі уақытта жүру әлдеқайда ыңғайлы болғанын, ауылдың көрінісі жақсарып, заманауи әрі жинақы бола түскенін атап өтуде. Бұл әсіресе күн ерте бататын күзгі-қысқы кезеңде аса маңызды.
Бұл — ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тағы бір қадам.
Жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды — ауылда абаттандыру жұмыстары жалғасуда, алда әлі де көп жағымды өзгерістер күтілуде.
Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім беру, шарттар жасасу және су беруге есеп айырысу процестерін автоматтандыруға арналған биллингтік жүйесін әзірлеуде. Яғни, осы жүйе шеңберінде «Қазсушар» фермерлермен электрондық шарттар жасай бастайды, ал төлем екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жүргізіледі. Аталған жұмыс қазір аяқталып қалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін жүйе қажетті мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріледі деп күтілуде. Электрондық форматта өтінімдер беруден және шарттар жасасудан бөлек жылдамдық артады және су ресурстарын пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау ыңғайлы болады. Спикер 2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда БҰҰ ДБ қолдауымен TALSIM-NG базасында ағынды болжау жүйесі бейімделетінін атап өтті.
Бұл заманауи гидрологиялық және гидравликалық модель өзен бассейндерін модельдеуге, су қоймаларын басқаруға және түрлі климаттық және су шаруашылығы жағдайындағы ағынды болжауға арналған.
«Ағымдағы жылы модель су тасқыны кезеңінде Нұра және Есіл өзендерінің бассейндеріне бейімделді. Қазір оған Жайық және Сырдария өзендерінің бассейндері де бейімделіп жатыр. Биыл өзендердің негізгі бассейндері бойынша жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Су инфрақұрылымы объектілерінің кемінде 40%-ын цифрлық технологиялармен қамту жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін 2030 жылға қарай министрлік «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп бірқатар маңызды іс-шара жүргізуде. 2026 жылдан бастап 103 арнаны ауқымды қайта құру және автоматтандыру басталады, бұл сумен жабдықтау және су ағындарын басқару тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 264 арнаны автоматтандыруға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу белсенді жүріп жатыр. Аталған жұмыстар 2028 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған», – деді Аслан Абдраимов.
Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінен суды есепке алу туралы ақпарат түсетін заманауи деректерді өңдеу орталығын құру көзделген. Спикердің айтуынша бұл нақты уақыт режимінде судың берілуін және таралуын бақылауға, сондай-ақ туындаған проблемаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
«Аталған іс-шараларды іске асыруға автоматтандырылған ысырмаларды жеткізу мен орнатуды қоса алғанда, отандық жабдық өндірушілері белсенді тартылғанына ерекше назар аударған жөн. Бұл енгізілетін шешімдердің сенімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, ұлттық өнеркәсіптің дамуын ынталандырады және Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтады», – деп қорытындылады Аслан Абдраимов.
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
🔸Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты.
🔹Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️⃣ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
🔸Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️⃣ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
🔹Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️⃣ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
🔸Құжаттарды қабылдау 2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ жылдың 1️⃣➖3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.
🔹Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️⃣0️⃣ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
🔸Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтты.
🔹Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған орта, сыртқы саясат және инвестициялар; экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды 6️⃣ негізгі сала бойынша жүргізіледі. Кандидат тіркелу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы қажет.
🔸Үміткерлерге қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады: іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5️⃣ жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
🔹Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6️⃣ кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
🔸Құжаттарды қабылдау 2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ жылдың 1️⃣➖3️⃣0️⃣ маусым аралығында pkrezerv.gov.kz ресми платформасында онлайн режимде жүзеге асырылады.
🔹Ұлттық комиссияның отырысының қорытындысымен үздік 5️⃣0️⃣ кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады.
✔️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.
Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.