Троебрат дәрігерлік амбулаториясында тұмауға және АДСМ-ге қарсы вакцинация басталды

Троебрат дәрігерлік амбулаториясында халықты тұмауға және АДСМ-ге қарсы вакцинациялау басталды.
Вакцинация маусымдық алдын алу шарасы аясында жүргізілуде және әсіресе күз-қыс маусымында иммунитетті күшейтуге бағытталған.

Құрметті тұрғындар, екпе алуды кейінге қалдырмай, уақытында салдыруды ұсынамыз — бұл өзіңізді және жақындарыңызды вирустық жұқпалардан қорғаудың тиімді жолы.

Тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша амбулаторияға жүгініңіз. Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен медициналық карта болғаны жөн.
Денсаулығыңызды сақтаңыз!

Дата публикации
16 сентября 2025