
Спорт әр адамның өмірінде сөзсіз-ақ маңызды. Қазақстанда спортттың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Бала кездерінен бастап мектепте балалар дене шынықтырумен айналысады,бұл олардың дене дайындығын дамытады.
Спорт әр адамның өмірінде маңызды орын алатыныны бәрімізге мәлім. Спортпен шұғыладанатын адамның денсаулығы мықты болып, сабырлы болып келеді.”Дені саудың-жаны сау”- деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек.. Қай спорт түрімен айналысу адамның өз қабілетіне байланысты.
Дене тәрбиесі-бұл жалпы мәдениеттің бөлігі, физикалық қабілеттерін дамытуға және адам денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызмет салаларының бірі. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Физикалық тұрғыдан дамыған деп күнделікті режимге жүйелі спортпен шұғылданған, денені қатайту үшін табиғи факторларды үнемі қолданатын, белсенді демалыспен кезектесетін жас жігіт түсініледі. Бір сөзбен айтқанда, дене тәрбиес і- жалпы білім берудің бір саласы. Өмірдің тамыры-қозғалмайтын тіршілік емес, қозғалыс. Егер дене шынықтыру белгілі бір мақсат қойса, ол көп нәрсені береді. Біздің ата – бабаларымыз байлық-денсаулық, ал бұл денсаулықтың кілті - спорт деп айтқан.