Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың өтініші

Азаматтардың негізгі құқықтарының бірі олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына жеке өтініш беру құқығы болып табылады   

Өтініш  өтініште қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтінішінде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.

Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Мыналар қарауға жатпайды:

  • мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;
  • мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.

Өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс. Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарланады.

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

  • өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
  • осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;
  • өтініштің мәні бойынша түсінік беру туралы;
  • өтінішті қарауды тоқтату туралы.

Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Дата публикации
15 сентября 2025
Дата обновления
15 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

15 сентября 2025
Азаматтардың өтініші
15 мая 2024
Денсаулық сақтау
15 мая 2024
Абаттандыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы