«Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша қызметінің есебі
«Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық- техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ «Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 88 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
«Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың басынан мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі:
1) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
3) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
4) Жер учаскесін жеке меншікке бір мезгілде не бөліп-бөліп сату;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
Бұл мемлекеттік қызметтердің барлығы ережеге сәйкес көрсетіледі.
Әкім аппаратының ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд орын тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Стендте: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысы, Пресногорьков ауылдық округі әкімінің «Мемлекетік көрсетілетін қызметтер сапасының ішкі бақылауы үшін және сапасын арттырумен қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы» өкімі, мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты мамандары және ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін ұқсас ақпарат Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ресми интернет – ресурсында орналастырылған. Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер стандарттары, регламенті және өтініштердің үлгілері көрсетілген мемлкеттік қызметтердің жеке-жеке барлық түрлері бойынша жауапты мамандармен жинақтаушы файлдық папкалар басталды.
Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
Есеп беру кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларының жария талқылауы өткізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашығын қамтамасыз ету мақсатында
12 іс-шара (кездесу, жергілікті, кеңес (онлайн ЗООМ), бақылау сағаты, құқықтық жалпы оқылым мектеп отырысы) өткізілді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін
жетілдіру жұніндегі қызмет
2024 жылы Пресногорьков ауылдық округ аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері болып мемлекеттік қызметті алушылар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама алу» , «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру алу фактісі болып табылды», «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама».
Мемлекеттік қызметтер көрсету аясында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы заңнамаларды құқықтық жалпы оқу мектебінің аудандық және ауылдық деңгейдегі отырыстарда түсіндіру, сондай-ақ білім деңгейін арттыру арқылы өздігінен білім алу
Нормативтік - құқықтық жетілдіру - мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін ауылдық округі әкімінің аппаратында Қазакстан Республикасы «Әділет» нормативтік - құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесі, «Заң» деректер базасы арқылы қамтамасыз етіледі.
алушылардың қанағаттануын арттыру
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыруына:
- ауылдық округі әкімі аппаратының қағидаттарына негізделген заңдылық, жедел ден қою үшін көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау, ашықтық, тиімділік және нәтижелілік қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді, ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі бойынша сапасын көрсету іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру жатады.