
Қостанай облысында соңғы бес жылда ауыл шаруашылығына инвестициялар 2 еседен астам өсті. Өткен жылдың өзінде салада 21,8 млрд теңге сомасына 12 жоба пайдалануға берілді, бұл ретте бес жүзден астам жұмыс орны құрылды.
Облыс халқының азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілігі өз өндірісінің есебінен қамтамасыз етіледі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде 210 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді (9 – сүт, 27 – ет, 8 – өсімдік майы өндірісі, екі былғары және жүн өңдеу, 45 диірмен, төрт жарма өндіру цехы, 4 макарон цехы, 111 - нан пісіру).
2023 жылы ауыл шаруашылығы саласында 40,3 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, ол асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, басым дақылдар өндірісін субсидиялауға, қайта өңдеуші кәсіпорындардың мал шаруашылығы саласында оны терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсайтын шығындарына бағытталатын болады.
Облыста сегіз сүт-тауар фермасын салу жоспарлануда, оның жетеуі сыйымдылығы 1 200 бас ІҚМ және қуаттылығы жылына 15,2 мың тонна сүт өндіру, тағы бір ірі – сыйымдылығы 3 мың бас ІҚМ, қуаттылығы жылына 42,6 мың тонна сүт өндіру. Сондай-ақ, мұнай экстракция зауыты мен құрама жем зауытының құрылысы жоспарланған. Мұның бәрі ірі қара мал басын көбейтуге мүмкіндік береді. Обаған ауылдық округінің құрамында Тайсойған және Обаған елді мекендері бар. Ауылдық округ қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны қайта өңдеу болып табылады.
Ауылдық округ аумағының жалпы ауданы 31 103 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы - 1247 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 23 602 га, ЖТҚ үшін жерлер - 1371 га. Округ аумағында 12 шаруа қожалығы және 1 "Олжа Ряжксое" ЖШС Рос-Бидай ӨК жұмыс істейді.
Обаған ауылындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы-7524 га, оның ішінде егістік-5453 га, оның ішінде шабындық алқаптар-625 га.
Тайсойған ауылындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы-23579 га, оның ішінде егістік-18149 га, оның ішінде шабындық алқаптар-746 га.