01.04.2026 ж. біздің округте азаматтар жиыны өткізілді, онда тұрғындардың қауіпсіздігі, абаттандырылуы және өмір сүру сапасына қатысты бірқатар өзекті және маңызды мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде келесі тақырыптар қарастырылған:
Округ аумағындағы ашық құдықтар және оларды жою жөніндегі шаралар
"Таза Қазақстан" Акциясын өткізу және абаттандыру мәселелері
"Үздік аула" байқауы
Объектілердің бірыңғай түс гаммасын сақтау
Газ тасымалдауды ұйымдастыру
Алаяқтық мәселелері және азаматтарды қорғау тәсілдері
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Мал жаю және белгіленген ережелерді сақтау мәселелері
Әрбір мәселе бойынша түсініктемелер беріліп, аталған проблемаларды шешу үшін одан әрі қадамдар белгіленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.