"Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Ұзынкөл ауданының әкімдігі "Ұзынкөл ауданының Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздер мен айырым белгілері (олар болған кезде) және мемлекеттік тілде және орыс тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.