2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
«Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне,сондай-ақ «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 86 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
«Ұзынкөл ауданы Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;
«Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
2024 жылы «Ұзынкөл ауданы Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» -4;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1;
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға бас маман Савкина А.В. болып табылады.
Көрсетіліп отырылған мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Көрсетіліп отырылған барлық мемлекеттік қызмет түрлеріне стандарттаржәне регламенттер бекітілді.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны әкім аппаратының ғимаратында орналасқан ақпараттық стенд болып табылады. Стендте: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды, қолжетімділікті және сапасын ішкі бақылауды қамтамасыз ету туралы» Ершов ауылдық округі әкімінің өкімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарды бекіту туралы ақпаратпен және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесімен орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін осындай ақпарат Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ресми интернет – ресурсында орналастырылған. Барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер стандарттары, регламенті және өтініштердің үлгілері көрсетілген мемлкеттік қызметтердің жеке-жеке барлық түрлері бойынша жауапты мамандармен жинақтаушы файлдық папкалар басталды.
Барлық көрнекі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.
Есеп беру кезеңіндемемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларыныңжария талқылауыөткізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 17 іс-шара өткізілді (жергілікті қоғамдастық жиындары , кеңестер,
бақылау сағаты, жалпыға бірдей құқықтық оқыту мектебінің отырыстары).
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. Мемлекеттік қызметтерді азаматтар түрлі құжаттарды алу және мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін белсенді пайдаланады.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы, қатысу арқылы түсіндіру қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметтер отырыстарында құқықтық жалпы оқу мектебінің аудандық және ауылдық деңгейдегі, сондай-ақ білім деңгейін арттыру арқылы өздігінен білім алуіс-шаралар өткізіледі.
Ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық – құқықтық жүйесі, «Заң»Дерекқоры арқылы қамтамасыз етіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан ауылдық округі әкімінің аппаратына шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.
Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділік және қанағаттанушылығын арттыру перспективаларына мыналар жатады:
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрауларына заңдылық, жедел ден қою, ашықтық, тиімділік, сапа мен нәтижелілікті жақсарту қағидаттарына негізделген ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингі, ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- танымал әлеуметтік желілер арқылы және жалпы топтардағы WhatsApp мессенджерлерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері мен уәждемесін күшейту туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру.
Ершов ауылдық
округінің әкімі М.Ерушенко
-------