2024-2026 жылдарға арналған
Ершов ауылдық округінің Азаматтық бюджеті
1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
Ершов ауылы 1910 жылы құрылды, 1991жылы Ершов ауылдық округі құрылған, құрамына 4 ауыл кіреді - Ершов, Отын - Ағаш, Миролюбовка, Абай. Аудан орталығына жақын орналасқан. Географиялық орналасуы, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді ұсыну орталықтарын құруға және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыспен қамтуға қолайлы ықпал етеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Елді мекендердің жері- 6,41мың км2.
2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны - 1951 адам, аулалар - 484
Кәсіпкерлік
Ауылдық округте 31 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, негізгі қызмет түрі – аралас тауарлармен сауда жасау, мал шаруашылығы және балық аулау шаруашылығы және халыққа қызмет көрсету салалары.
Білім
Ауылдық округте 3 мектеп, 2 балабақша, 1 шағын орталық бар:
Ершов жалпы мектебі.
Мектеп екі қабатты, 1963 жылы пайдалануға енгізілді. Мектептің жалпы ауданы – 2530,5 ш.м. 251 оқушы орынға арналған. Білім алушылар – 104 оқушы, мектеп алды сыныптар – 7 оқушы, қашықтық оқу
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің "Нұрбөбек" балабақшасы
Балабақша 2012 жылы пайдалануға берілді, ғимараттың ауданы 763,3. Жобалық қуаты 45 орын. 28 бала келеді.
Киев жалпы мектебі.
Мектеп екі қабатты, 1970 жылы пайдалануға берілген. Мектептің жалпы ауданы 2603 ш.м., Жұмыс алаңы 1330 ш. м. 130 орынға есептелген. Оқушылар саны - 60. Мектепалды даярлық сыныбында-4 бала.
Киев жалпы білім беретін мектебінде 20 орындық "Балапан" балабақшасы ашылды, оған 20 бала барды. Барлығы 10 адам жұмыс істейді
Отын - Ағаш бастауыш мектебі
Мектеп бір қабатты, 1986 жылы пайдалануға енгізілді. Мектептің жалпы ауданы – 240 ш.м. Білім алушылар – 4 оқушы, мектеп алды сыныптар – 2 оқушы, шағын орталығы – 12 бала.
Жеке сектордағы мал басы:
Ершов ауылдық округінің мал басы 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша: ІҚМ- 1654 бас, ешкі – 1178 бас, жылқы – 324, шошқа – 683 бас, құс – 33740.
2-бөлім Ершов ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары»
Түсімдер
Ершов ауылдық округінің бюджеті кірістер бойынша 2024 жыл – 369147,0 мың теңге, 2025 жылға- 35285,0 мың теңге, 2026 жылға-36068,0 мың теңге.
Аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2023 жылғы 28 желтоқсаннаң №69 мәслихат шешімімен бекітілген 2024 жылға 9075,0 мың теңге, 2025 жылға 9519,0 мың теңге, 2026 жылға 10038,0 мың теңге.
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл (болжам) |
2025 жыл (болжам) |
2026 жыл (болжам) |
|
Кірістер, оның ішінде: |
369147,0 |
35285,0 |
36068,0 |
|
Салықтық түсімдер |
22630,0 |
23036,0 |
23276,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
346517,0 |
12249,0 |
12792,0 |
|
Трансферттер түсімі, оның ішінде: |
9075,0 |
9519,0 |
10038,0 |
|
Субвенция |
337442,0 |
2730,0 |
2754,0 |
|
Трансфертер |
369147,0 |
35285,0 |
36068,0 |
Салықтық түсімдерге жатады:
Жеке табыс салығы төлем көзінен салық салынбайтын – 1967,0 мың. теңге
мүлік салығы –248,0 мың. теңге;
жер салығы – 215,0 мың. теңге;
көлік құралдарына салынатын салық – 4500,0 мың. теңге.
бірыңғай жер салығы -15000,0 мың теңге
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсім – 700,0 мың теңге
Шығындар
Пресногорьков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған шығындары 440500,0 мың теңге, 2024жылға -369147,0 мың теңге, 2025 жылға -35285,0 мың теңге сомасында анықталды, 2026 жылға-36068,0 мың теңге.
мың тенге
|
Атауы |
2024 год (болжам) |
2025 год (болжам) |
2026 год (болжам) |
|
Шығындар |
369147,0 |
35285,0 |
36068,0 |
|
Жалпы мемлекеттік қызметтер |
28619,0 |
29265,0 |
29776,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
39261,0 |
3512,0 |
3671,0 |
|
Көлік және байланыс |
301267,0 |
2508,0 |
2621,0 |
|
Өзге де |
|
|
|
2024-2026 жылдарға арналған Ершов ауылдық округінің басым бюджеттік шығындары
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 446444,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде 2024 жылы – 39261,0 мың теңге, 2025 жылы 3512,0 мың теңге, 2026 жылы – 3671,0 мың теңге.
2024-2026 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары
мың.тенге
|
Іс-шаралар атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
3439,0 |
2653,0 |
2773,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
35822,0 |
859,0 |
898,0 |
Көлік және байланыстар
Көлік және коммуникациялар саласындағы шығындар ауыл ішіндегі жолдарды жөндеудегі іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалады және 2024-2026жылдары құрайды:
мың.тенге
|
Іс-шаралар атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Аудандық маңызы бар қалаларға, ауылдарға, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
301267,0 |
2508,0 |
2621,0 |