1-бөлім. Негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
Ершов ауылы 1910 жылы құрылды, 1991жылы Ершов ауылдық округі құрылған, құрамына 4 ауыл кіреді - Ершов, Отын - Ағаш, Миролюбовка, Абай. Аудан орталығына жақын орналасқан. Географиялық орналасуы, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді ұсыну орталықтарын құруға және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыспен қамтуға қолайлы ықпал етеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Елді мекендердің жері- 6,41мың км2.
2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны - 1951 адам, аулалар - 484
Кәсіпкерлік
Ауылдық округте 31 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, негізгі қызмет түрі – аралас тауарлармен сауда жасау, мал шаруашылығы және балық аулау шаруашылығы және халыққа қызмет көрсету салалары.
Білім
Ауылдық округте 3 мектеп, 2 балабақша, 1 шағын орталық бар:
Ершов жалпы мектебі.
Мектеп екі қабатты, 1963 жылы пайдалануға енгізілді. Мектептің жалпы ауданы – 2530,5 ш.м. 251 оқушы орынға арналған. Білім алушылар – 104 оқушы, мектеп алды сыныптар – 7 оқушы, қашықтық оқу
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің "Нұрбөбек" балабақшасы
Балабақша 2012 жылы пайдалануға берілді, ғимараттың ауданы 763,3. Жобалық қуаты 45 орын. 28 бала келеді.
Киев жалпы мектебі.
Мектеп екі қабатты, 1970 жылы пайдалануға берілген. Мектептің жалпы ауданы 2603 ш.м., Жұмыс алаңы 1330 ш. м. 130 орынға есептелген. Оқушылар саны - 60. Мектепалды даярлық сыныбында-4 бала.
Киев жалпы білім беретін мектебінде 20 орындық "Балапан" балабақшасы ашылды, оған 20 бала барды. Барлығы 10 адам жұмыс істейді
Отын - Ағаш бастауыш мектебі
Мектеп бір қабатты, 1986 жылы пайдалануға енгізілді. Мектептің жалпы ауданы – 240 ш.м. Білім алушылар – 4 оқушы, мектеп алды сыныптар – 2 оқушы, шағын орталығы – 12 бала.