«Ұзынкөл ауданының
Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Ершов ауылы, 2022 жыл
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «___» ________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жалпы ережелер
Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ұзынкөл ауданының әкімдігі болып табылады.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен мемлекеттік тілде және орыс тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ауылдық округі әкімінің өкімімен және шешімімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.