GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Келісімнің қабылдану тарихы

 

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Оған сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары Одақ елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшінің 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақтаған еңбек өтілі үшін ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындайды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.

 

Еңбек шартын жасасудың қажеттілігі туралы

 

ЕАЭО елдерінің аумағында жұмыс күшінің еркін қозғалысы Одақтың негізгі артықшылықтарының бірі. Оған мүше мемлекеттердің азаматтары басқа ЕАЭО елдерінің аумағында еңбек қызметін жұмыс істеуге рұқсат немесе патент алмай-ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, өзге мүше мемлекетте жұмыс істейтін ЕАЭО азаматы жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен бірдей еңбек кепілдіктерін пайдалануға құқылы.

Алайда жұмыс істеу үшін арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу талап етілмегенімен, бұл еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдемеуге болады дегенді білдірмейді. Азаматтың өз құқықтарын толық іске асыруы үшін еңбек қатынастарын растайтын құжаттары болуы шарт. Мұндай негізгі құжаттарға жұмыс берушімен жасалған еңбек шарты немесе қызмет көрсету туралы азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жатады. Ауызша келісімдер жұмыскердің құқықтарын жеткілікті деңгейде қорғай алмайды. Мәселен, жұмыс беруші еңбек жағдайларын өзгертіп, жалақы төлеуді кешіктіруі немесе азаматтың еңбек шарты негізінде жұмыс істемей, тек бір реттік тапсырмаларды орындаумен шектелгенін алға тартуы мүмкін. Ал жазбаша жасалған шарт жұмыс берушінің кім екенін, азаматтың қандай жұмыс атқарғанын, оған қанша мөлшерде ақы төленуге тиіс болғанын және тараптардың өздеріне қандай міндеттемелер алғанын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ресми түрде жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін жұмыс берушілер жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сол елдің зейнетақы жүйесіне зейнетақы (сақтандыру) жарналарын аударуға міндетті болады.

Бұл ретте жұмыскерге еңбек қатынастарын ресімдеу тәртібін алдын ала нақтылап алған жөн. Өйткені әр елде шарт жасасу қағидалары, оның нысаны және мемлекеттік органдарды хабардар ету тәртібі әртүрлі болуы мүмкін.

 

Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы

 

Қазақстан Республикасында Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қалыптастырылған зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне қолданылады. 

 

Егер Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында белгілі бір уақыт (мысалы, 3-5 жыл) еңбек қызметін жүзеге асырса, сол елдің зейнетақы заңнамасында көзделген талаптарға (зейнеткерлік жасқа толу, қажетті еңбек өтілінің болуы) сәйкес зейнетақы алу құқығы туындаған кезде, оған аталған мемлекетте жинақтаған еңбек өтілі үшін сол ел зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматы зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттарымен бірге өтінішті ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға беруге құқылы.

Еңбекшіге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

 

Құзыретті органдар

 

Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар қатарына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жатады.

БЖЗҚ цифрлық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі туралы деректер негізінде 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек өтілі жөніндегі мәліметтерді ұсынады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ Келісім шеңберінде төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:

·         еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қабылдау;

·         құжаттарды қарау және зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

·         ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тағайындаған зейнетақы төлемдерін жеткізуді қамтамасыз ету.

Толық ақпаратпен enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде танысуға болады.

1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет.

 

Келісімнің іске асырылуы бойынша сандық көрсеткіштер

 

Келісім қолданыста болған кезеңде (01.01.2021ж. бастап 30.09.2026ж. дейін):

·           БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 378 азаматына зейнетақы төлемдерін тағайындады.

Оның ішінде:

ЕАЭО-ға мүше мемлекет

Төлем түрі

Алушылар (еңбекшілер) саны

Армения Республикасы 

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты

11

Беларусь Республикасы

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты

22

Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем

4

Қырғыз Республикасы

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты

4

Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем

5

Ресей Федерациясы

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты

306

Мұрагерлерге берілетін біржолғы төлем

26

 

·           ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстанның 39 азаматына сақтандыру зейнетақыларын тағайындады.

Оның ішінде:

ЕАЭО-ға мүше мемлекет

Зейнетақы түрі

Алушылар (еңбекшілер) саны

Қырғыз Республикасы 

Жасына байланысты 

3

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 

3

Ресей Федерациясы 

Қарттық бойынша 

31

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 

1

Мүгедектігі бойынша 

1

 

Осылайша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, іске асыра алады. Бұл – Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

22 октября 2026
«Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Ұзынкөл ауданының аумағында орналасқан балық шаруашылығына арналған Кривое, Бугроватое және Моховое көлдері су айдындарын кәсіптік балық аулауды жүргізу мақсатында бекіту бойынша конкурс E-QAZYNA.KZ электрондық порталында жарияланғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау портал арқылы 2026 жылғы 4 қараша күні сағат 09:55-ке дейін жүзеге асырылады.

Аудан аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын барынша көп мөлшерде бекіту мақсатында, аудан тұрғындары, шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуетті инвесторлар және өзге де мүдделі тұлғалар арасында өткізіліп жатқан конкурс туралы ақпаратты ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ елді мекендердің WhatsApp-топтарында және өзге де қолжетімді ақпараттық арналарда таратуға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушыларға бекіту олардың тиісті түрде қорғалуын, балық ресурстарының өсімін молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

Су айдындарын бекіту:

1) балық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға;

2) жаңа жұмыс орындарын құруға;

3)салықтық және өзге де міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Конкурс сілтемелері:

Кривое көлі - https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805705323000000

Бугроватое көлі - https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805811739000000

Моховое көлі - https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/340805802652000000

Конкурс  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы №393 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өткізіледі.

Қосымша: көрсетілген су айдындарында өткізілетін конкурс туралы ақпараттық материал.

21 октября 2026
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызметті уақытша қолдана алмайды

Елімізде демалыс күндері және алдағы мерекеде жылжымайтын мүлікті рәсімдеумен байланысты кейбір қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры QazTRF-23 координаттар жүйесіне көшеді. Бұл – заманауи ашық спутниктік навигация жүйелерін пайдалана отырып, цифрлық карталар мен кеңістіктік деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік координаттар жүйесі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейінгі демалыс және мереке күндері Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі мен Жария кадастрлық картада техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Осы кезеңде жер кадастры, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру салаларындағы мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау уақытша қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада.

Ал осы саладағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

21 октября 2026
Қазақстанда оқушылардың күзгі демалысы қашан басталады және қанша күнге созылады

Қазақстандық оқушылар осы оқу жылындағы алғашқы демалысына шығады – бір апталық демалыс 26 қазанда басталады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің сайтында жазылғандай, 1 қыркүйекте басталған бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Осылайша, күзгі демалысқа дейін небәрі бір апта қалды.

"Күзгі каникул 7 күнтізбелік күнге созылады – 26 қазан мен 1 қараша аралығын қоса алғанда", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ демалыс кезеңдерін бекіткен болатын. Олармен мына жерден танысуға болады.

Айта кетейік, осы аптада 25 қазанда Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары қосымша демалады.

16 октября 2026
Қазақстандықтарды несие мен цифрлық сенімхат арқылы қорқытуда: Ұлттық Банк алаяқтық туралы ескертті

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың бірнеше кезеңнен тұратын схемасы туралы ескертті. Қаскөйлер азаматтарды олардың атына несие рәсімделгені және цифрлық сенімхат берілгені туралы хабарламалармен қорқытады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Алаяқтар қазақстандықтарға азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің немесе екінші деңгейлі банктердің атынан жалған хабарламалар жібереді. Онда алушының атына «цифрлық сенімхат» рәсімделгені және оны бөгде адамдар пайдаланып жүргені немесе несие мақұлданғаны айтылады.

Жағдайды анықтау үшін азаматтарға көрсетілген нөмірге қоңырау шалу ұсынылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертуінше, алаяқтықтың бірнеше кезеңнен тұратын схемасы дәл осы әрекеттен басталады.

«Мұндай хабарламалардың басты мақсаты – адамды алаңдатып, көрсетілген нөмірге өз еркімен қоңырау шалуға итермелеу. Әңгіме барысында алаяқтар оған “сенімхатты жоюды”, “несиеге берілген өтінімді бұғаттауды” немесе “ақшалай қаражатты қорғауды” ұсынады.

Одан кейін қаскөйлер өздерін Ұлттық Банктің, арнайы мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Олар азаматтың атынан заңсыз әрекеттер жасалып жатқанын, атап айтқанда, несие рәсімделіп, компаниялар тіркеліп, күмәнді қаржылық операциялар жүргізіліп жатқанын немесе ақшалай қаражатты ұрлауға әрекет жасалып жатқанын айтады.

Осындай әрекеттердің алдын алу деген сылтаумен азаматтарды SMS арқылы келген кодты айтуға, банк картасының деректемелерін беруге, мобильді қосымша орнатуға, ақшаны “қауіпсіз”, “резервтік” немесе “жинақ” шотына аударуға не мобильді құрылғыға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік беруге көндіреді», – делінген хабарламада.

Ұлттық Банктің мәліметінше, Қазақстан Республикасындағы банктердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды, карталар мен қосымшалардың PIN-кодтарын сұрамайды. Сондай-ақ ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды немесе мобильді құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатуды ұсынбайды.

«Осындай хабарламаларды алған жағдайда, онда көрсетілген нөмірлерге қайта қоңырау шалуға, сілтемелерге өтуге немесе белгісіз адамдардың нұсқауларын орындауға болмайды. Ақпаратты тексеру үшін тиісті банктің немесе азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің ресми байланыс орталығына хабарласу қажет.

Еске саламыз, Ұлттық Банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңыраулар шалмайды, жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай қаражатты пайлық инвестициялық қорларға және басқа да қаржылық өнімдерге инвестициялауды ұсынбайды, ақшалай қаражатты сақтандырумен айналыспайды және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырмайды.

Егер сіз алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгінуді қатаң ұсынамыз. Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады», – деп толықтырды Ұлттық Банк өкілдері.

16 октября 2026
Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеу тәртібі өзгереді: қандай жаңалықтар бар?

Қазақстанда зейнетақы төлемдері мен жерлеуге арналған жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі өзгереді. Жаңа ережелер құжаттардағы қателерді өтінішті басынан бастап қайта тапсырмай-ақ түзетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары жаңартылады. Өзгерістер жасына байланысты зейнетақыны, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев қол қойды.

Жаңашылдықтардың бірі зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға қатысты. Олар бір өтініш арқылы бірден үш төлем түріне өтініш бере алады: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы жинақтары, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы. Бұл тәсіл композиттік қызмет деп аталады.

Қателерді түзетуге қанша уақыт беріледі?

Өтінішті немесе құжаттарды тексеру кезінде қателер, дәлсіздіктер не белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталса, құжаттар цифрлық күту парағы арқылы қабылдануы мүмкін. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама беріледі.

Кемшіліктерді түзету үшін мынадай мерзімдер қарастырылған:

  • жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін – 10 жұмыс күніне дейін;

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – 8 жұмыс күніне дейін.

Бұл уақыт өтінішті қараудың жалпы мерзіміне қосылмайды.

Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде қателерді түзетсе, құжаттар қабылданған күн ретінде алғашқы өтініш берген күні есептеледі. Кемшіліктер жойылғаннан кейін өтінішті қарау қайта жалғасады.

Егер қателер уақытында түзетілмесе, құжаттарды қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.

Қандай жағдайларда бас тартылуы мүмкін?

Қағидаларда өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болатын жағдайлар да көрсетілген. Олардың қатарында құжаттар топтамасының толық болмауы, қажетті құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы, жеке деректердің сәйкес келмеуі және зейнетақы тағайындауға құқықтың болмауы бар.

Сондай-ақ өтініш беруші төлемдерді рәсімдеу үшін қажетті, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім бермеген жағдайда да бас тартылуы мүмкін.

Өтініш қанша уақыт қаралады?

Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері өзгеріссіз қалады:

  • жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін – 10 жұмыс күні;

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін – 8 жұмыс күні.

Уәкілетті орган іс материалдарының электрондық макеті түскеннен кейін шешім қабылдайды. Жасына байланысты зейнетақыны тағайындауға арналған құжаттарды қарауға бес жұмыс күні, ал базалық зейнетақы төлеміне төрт жұмыс күні беріледі.

Жерлеуге арналған жәрдемақыны рәсімдеу тәртібі қалай өзгереді?

Бұйрық республикалық бюджет есебінен төленетін жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақыны тағайындау қағидаларына да қатысты. Бұл төлемді алу үшін Мемлекеттік корпорация, электрондық үкімет порталы немесе ұялы телефон арқылы проактивті қызмет арқылы өтініш беруге болады.

Қателер анықталса немесе құжаттар жеткіліксіз болса, өтініш берушіге кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген кезде бұл мерзім үш жұмыс күніне дейін, ал портал арқылы өтініш бергенде бір жұмыс күніне дейін болады.

Төлемді тағайындау мұқтаждық қағидатына сәйкестікке де байланысты болады. Өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын бағалау үшін Отбасының цифрлық картасының деректерін пайдалану көзделген.

09 октября 2026
Қазақстанда жалға алушыны тіркеуге байланысты пәтерден айырылып қалуға бола ма?

Пәтер иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті. Тіркеу жалға алушыларға әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, бірақ ол пәтер иесінің тұрғын үйіне меншік құқығын бермейді. Толығырақ NUR.KZ материалында.

Көптеген пәтер иелері жалға алушыларды уақытша тіркеуден қауіптенеді. Біреулері жалға алушылар пәтердің бір бөлігіне үміткер болуы мүмкін деп қорықса, енді біреулері жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін оларды тіркеуден шығару қиын болады деп алаңдайды.

Алайда бұл қауіптердің негізі жоқ. «Крыша» порталының хабарлауынша, жалға алынған тұрғын үйде тіркелу пәтерден үлес алуға құқық бермейді және жалға алушыны меншік иесіне айналдырмайды.

Тіркеу пәтерге құқық бере ме?

Заңгер Бақыт Қасымбековтің айтуынша, тіркеудің меншік құқығына ешқандай қатысы жоқ. Меншік иесі кез келген адамды тіркей алады, сондай-ақ басқа біреудің келісімінсіз оны тіркеуден шығара алады.

Осылайша, уақытша тіркеу рәсімделгеннен кейін де жалға алушы пәтерден үлес алмайды. Жылжымайтын мүлікті сату, сыйға тарту немесе кепілге қою құқығы меншік иесінде қалады.

Жалға алушыға тіркеу не үшін қажет?

Уақытша тіркеу адамның тұрғылықты жерін растайды және қажетті әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ол баланы мектепке немесе балабақшаға орналастыру, сондай-ақ емханаға тіркелу үшін қажет болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, адамның нақты тұратын жері туралы мәліметтер көші-қон, құқық қорғау және салық органдарына қажет.

Пәтер иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?

Егер меншік иесі пәтерін жалға беріп, онда жалға алушылар тұрса, оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Жалға алу кезінде уақытша тіркеу рәсімделеді, ал тұрақты тіркеу бұрынғы мекенжайы бойынша сақталады.

Уақытша тіркеу бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге рәсімделеді. Егер жалға алушы басқа мекенжайға көшіп, сол жерде тіркелсе, бұрынғы тіркеуі автоматты түрде тоқтатылады.

Егер тіркеу мерзімі аяқталып, жалға алушы пәтерде тұруын жалғастырса, тіркеуді қайта рәсімдеу қажет.

Тіркеусіз тұрғаны үшін қандай айыппұлдар қарастырылған?

Жалға алушы тіркеусіз тұрған жағдайда тұрғын үй иесіне де, жалға алушының өзіне де айыппұл салынуы мүмкін.

Тұрғын үй иесіне салынатын айыппұл:

  • 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 43 250 теңге;

  • бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасалған жағдайда 20 АЕК, яғни 86 500 теңге.

Егер меншік иесі пәтерден көшіп кеткен жалға алушыны тіркеуден шығармаса, айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңгені құрайды.

Жалға алушыға салынатын айыппұл:

  • 7 АЕК, яғни 30 275 теңге;

  • бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасалған жағдайда 13 АЕК, яғни 56 225 теңге.

Маңызды: Астана мен Алматы қалаларында тіркеуге қатысты шектеу енгізілген: бір адамға пәтердің жалпы ауданының кемінде 15 шаршы метрі тиесілі болуы керек. Мысалы, жалпы ауданы 30 шаршы метр пәтерде жалпы ереже бойынша екі адамды тіркеуге болады. Егер онда екі адам тіркеліп қойған болса, үшінші бөгде адамды тіркеуден бас тартылуы мүмкін.

Жалға алушыны қалай тіркеуге болады?

Уақытша тіркеу меншік иесінің келісімімен онлайн рәсімделеді. Ол үшін:

  1. Жалға алушы уақытша тіркелуге өтініш береді.

  2. Меншік иесінің ЖСН-ін және тіркеу мерзімін көрсетеді.

  3. Меншік иесі тіркеуге келісімін растайды.

  4. Екі тарап та өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

Қызмет тегін көрсетіледі және әдетте 15 минуттан аспайды. Оны электрондық үкімет порталы, eGov Mobile, банк қосымшалары немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы рәсімдеуге болады.

09 октября 2026
Қазақстанда «Стоп-кредит» қай жағдайда несие алудан қорғамайды?

Несие алуға ерікті түрде тыйым салу қазақстандықтарды алаяқтардан қорғауы мүмкін. Алайда кейбір жағдайларда, мысалы, қайта қаржыландыру кезінде бұл шектеу қолданылмайды. Толығырақ NUR.KZ материалында.

Қазақстандықтарға бірнеше жылдан бері «Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі қолжетімді. Бұл қызметті «Стоп-кредит» деп те атайды.

Оның көмегімен өз атыңызға несие рәсімдеу мүмкіндігін тегін шектеуге болады. Егер бұл қызмет қосылған болса, банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) клиентке жаңа қарыз беруге құқылы емес.

Алайда «Стоп-кредит» қызметінің ерекшеліктері бар. ZANGER | PRG Telegram-арнасының хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан, кейбір жағдайларда қарыз алуға болады.

«Стоп-кредит» мынадай жағдайларда банктік қарыздарға қолданылмайды:

  • тауардың, жұмыстың немесе қызметтің ақысын тікелей сатушыға төлеу кезінде (тауарлық кредит);

  • сол банктің ішінде қарызды қайта қаржыландыру кезінде;

  • тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін төлем картасы бойынша 150 АЕК-ке дейінгі кредиттік лимитті пайдалану кезінде (2026 жылы 648 750 теңге);

  • салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу кезінде.

Микрокредиттер бойынша да осындай ерекшеліктер қарастырылған. Олар тауарлар мен қызметтердің ақысын тікелей сатушыға төлеуге, сол микроқаржы ұйымында (МҚҰ) қарызды қайта қаржыландыруға, сондай-ақ салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеуге қатысты. Сонымен қатар бұл тыйым ломбардтар беретін қарыздарға қолданылмайды.

Қалған жағдайларда банктер мен МҚҰ несие бере алмайды. Егер қандай да бір себеппен несие берілсе, заңға сәйкес, қарыз берушінің кінәсінен кеткен қате үшін берешек есептен шығарылуға тиіс.

Сондай-ақ несиеден ерікті түрде бас тарту қызметі бұрын рәсімделген қарыздарды жоймайтынын еске саламыз. Оларды бұрынғыдай өтеу қажет. Жаңа несие алуға шектеу қойылады, алайда қызметті өшіргіңіз келсе, қайта өтініш беріп, оны кез келген уақытта алып тастауға болады.

06 октября 2026
Заң және тәртіп: Ұзынкөл ауданында құқықтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда

Ұзынкөлауданында«Заңжәнетәртіп: Ұзынкөл ауданының тұрғындарыарасындатәуекелдердіңалдын алу және оларға тойтарыс беру» жобасын іске асыружалғасуда.Жоба2026жылдыңсәуірайынанқазан айына дейінгікезеңгеесептелгенжәне«Ұзынкөлауданыәкімдігініңішкісаясатбөлімі» ММтапсырысыбойыншажүзеге асырылады.Орындаушы – «ҚостанайоблысыныңЖурналистеродағы» ҚБ.Жобаныңбастымақсаты-халықтыңқұқықтықсауаттылығынарттыруарқылы құқық бұзушылықтардыңалдын алу жәнеәлеуметтіктәуекелдердіазайту, Заңғажәнежекежауапкершіліккеқұрметқалыптастыру.

Жастарға,олардыңқоғамдықөміргеқатысуынажәнесаналышешім қабылдау қабілетін арттыруға ерекшекөңілбөлінеді.Жобаныңжоспарлытікелейқамтылуыкемінде250адамдықұрайды,алақпараттықсүйемелдеуоныңнегізгіидеяларыментұрғындардыңкеңауқымынтаныстыруғамүмкіндік береді.

ЖұмысЖобаныңмақсаттарыменнегізгібағыттары көрсетілген қоғамдықтыңдауданбасталды.Кейінгітыңдауларға,тренингтергежәнепрофилактикалықкездесулергемемлекеттікоргандардыңөкілдері,жастар,ауылдықокругтерменауданұйымдарыныңқызметкерлеріқатысты.Іс-шараларпрактикалықтәсілгенегізделді:қатысушыларөмірлікжағдайлардыталқылады,сұрақтарын қойды жәнепроблемалардышешудіңзаңдыжәнеқауіпсізжолдарынтабуғаүйренді.

Ұзынкөлауданыныңполицияқызметкерлерініңқатысуыменалтыалдын алу шарасыөткізілді.Оларалаяқтықтың,нашақорлықтың,алкоголизмнің, темекі шегудің,лудоманияның,сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың,адамсаудасыныңжәнесталкингтіңалдын алу мәселелерінқамтыды.Кездесулербарысында қатысушылардың қауіптіжағдайлардытануға,жекеқауіпсіздіккежәнеуақтылыкөмек сұрауға баса назарлары аударылды.

Жастұрғындардыпрофилактикалықжұмысқатартуғабағытталған«Жастартәртіп үшін» атты екіакцияөтті.Салауаттыөмір салты идеяларын«Бізесірткіменалкогольгеқарсы» іс-шарасын қатысқанмемлекеттікқызметшілердеқолдады.Бірлескенбелсенділікарқылықатысушыларденсаулықпенөзболашағына жауапкершілікпен қараудыңпайдасынаөзұстанымдарынбілдірді.

Оқушыларменжұмысжекебағытқаайналды.Ауылдықмектептердеқұқықтықклубтарқұрылды, ақпараттықтүсіндірмелерібарстендтержабдықталды.Мұндайәрекеттербалаларғақұқықтарменміндеттермәселелерінталқылауға, білімдерінқұрдастарыменбөлісугежәнеқажетболған жағдайда ересектерденқолдау сұрауға көмектеседі.Үшмектептесотталқылауынсахналауменпрактикалықсабақтарөтті.Ұрлыққабайланыстыжағдайдыңмысалындаоқушыларістіңқалайқаралатынынжәне заңсыз әрекеттіңқандайсалдарғаәкелетінінанықкөре алды.Бұлформатқұқықтықбілімдінақтыөмірменбайланыстыруғажәнеөзәрекеттерініңсалдарытуралыойланудыңнеліктенмаңызды екенін түсінугекөмектеседі.

Жобаның маңызды оқиғасы «Заң және тәртіп: Ұзынкөл ауданының жастарының таңдауы» аудандық форумы болды. Форум аясында белсенді жастар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бастамашыл жастарды қолдау олардың ауданның дамуына және Заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға қатысуының маңыздылығын көрсетті.

Қазіргіуақыттаауданда10 мен 40жасаралығындағытұрғындарарасындаәлеуметтікбейнероликтербайқауыөтуде.Қатысушыларзаңдылық,тәртіпжәнеазаматтықжауапкершілік туралы өзтүсініктеріншығармашылықпенбілдіругешақырылады.Байқаужеңімпаздарыдипломдарменжәнебағалысыйлықтармен марапатталатын болады.

Жобаныақпараттықсүйемелдеу және кеңесалуүшінбайланысақпараты бар буклеттер,брошюралар,баннерлержәневизиткалардайындалды.Бұлматериалдартұрғындарғапайдалыақпараттысақтауғажәнебіліктіжауапалуүшінөзсұрақтарыменқайдажүгінуге болатындығын білугемүмкіндік береді.

Жоба білім беру жұмысын, практикалық сабақтарды, спортты және шығармашылық бастамаларды біріктіреді. Оның міндеті - тұрғындарға күнделікті өмірде құқықтық білімді қолдануға, өз құқықтарын қорғауға және басқалардың құқықтарын құрметтеуге көмектесу болып табылады. Қатысу, ашық диалог және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау арқылы заңдылық пен тәртіп мәдениеті қалыптасады.

01 октября 2026
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. 

Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.

 

Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді.  

«Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру.

 Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.

Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті.

 

Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді

 

Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады.

 

Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.

Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.

Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.

Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы