Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау Орталықтары ашылды

Қостанай облысында заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау Орталықтары ашылды

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында, өтініштерді қабылдау орталықтары жұмыс істейтін ХҚКО қалалық және аудандық бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

  «Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өңірлік филиалының кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Облыстың кез келген ХҚКО - на жүгінуге болады», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Қостанай облысы бойынша филиалында.

  Атап айтқанда, хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚКО-да заңды тұлғалардан жіберілетін құжаттардың келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:
1)    Заңды мекенжайының (резидент еместердің)өзгергені туралы хабарлама
2)    Заңды тұлға басшысының (резидент еместердің)өзгеруі туралы хабарлама
3)    Заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
4)    Заңды тұлғаның экономикалық қызмет түрінің өзгеруі туралы хабарлама
5)    Басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (ТАӘ өзгерту)
6)    Заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.
      Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.
Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының ауысуы, орналасқан жерінің өзгеруі электрондық хабарлама негізінде емес, автоматтандырылған режимде базаға енгізілмейді.

 

Дата публикации
09 августа 2022
Дата обновления
09 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
Мәслихаттар — жергілікті өкілді органдар.
Ақпарат
16 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы